12.04.2023, 10:42 28491

ҚР Бас прокурорының орынбасары мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

ҚР Бас прокурорының орынбасары мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Бесеуі ескерту түріндегі жауапкершілікке тартылады

Астана. 12 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат кулуарында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталуына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Елордада наразылық шарасын ұйымдастырған жаңаөзендік жұмысшылардың арасынан бес белсендіге ескерту жасалды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Бұл туралы Бас прокуратураның орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті. "10 сәуірде Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының алдында "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлері "БерӘлі Маңғыстау Company" жұмысын қалпына келтіруді немесе оларды "ӨзенМұнайГаз" квазимемлекеттік компаниясына жұмысқа орналастыруды талап етіп, заңсыз митинг өткізді. Олар акция өткізудің хабарламалық тәртібін бұзды. Астананың жергілікті атқарушы органы оларға рұқсат хабарламасын бермеген", - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, наразылық білдірген жұмысшылармен кездесу өткізіліп, еңбек жағдайы мен жалақы көлемін сақтай отыра, басқа компанияларға жұмысқа орналасу ұсынылған. Бірақ, олар ұсыныстан бас тартып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдында заңсыз жиналыс өткізу әрекеттерін жалғастырған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін полиция қызметкерлері оларды полиция органдарына жеткізді. "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлерінің басым бөлігі босатылды. Олар Маңғыстауға бара жатыр. ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқаны үшін ең белсенді бес құқықбұзушы жауапқа тартылды, яғни оларға ескерту жасалып, босатылды", - деді Жандос Өмірәлиев.


Бұған дейін өңір әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының тұрғындарын сабырға шақырып, жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеуге шақырды.

Ақпарат көзі: ktk.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны