24.02.2023, 12:19 27526

Рейдерлік басып алу туралы іс: ҰҚТ мүшелерін мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізген адам ұсталды

Рейдерлік басып алу туралы іс: ҰҚТ мүшелерін мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізген адам ұсталды
Сурет: Depositphotos
Күдікті кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында

Тараз. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысында 2022 жылдың 6 тамызында Сортөбе ауылының ауданында "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне мемлекеттік шекараны брод арқылы заңсыз өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаев ҚК-тің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен халықаралық іздеуге жарияланған.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, көрсетілген тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен.

10.11.2022 жылы Қордай аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелген. 11.11.2022 жылы Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған", - деп хабарлады Бас прокуратура.


Ведомство күдікті кінәсін толық мойындағанын атап өтті, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала есептеулер бойынша, компанияларды басып алу бойынша ҰҚТ қызметінен зардап шеккендерге келтірілген залал сомасы 18 млрд теңгеден асты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бұл істің екі қатысушысы үй қамағына алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны