03.04.2023, 10:44 33186

"Сары-Арка" АЭА" бекетінің бұрынғы басшысы майнинг жабдықтарының контрабандасын жасағаны үшін сотталды

Ол кеден брокерлерін есептеу техникасы аумағында кедендік төлемдер төленбейтін экономикалық аумақты металлургия өндірісінің қуатын толықтыру үшін пайдалану қажет деп сендірген
"Сары-Арка" АЭА" бекетінің бұрынғы басшысы майнинг жабдықтарының контрабандасын жасағаны үшін сотталды
Сурет: pixabay.com
Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20.03.2023 жылғы үкімімен А.Оспанов аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Сотталушының Грузиядан криптовалюта өндіру үшін "майнерлерді" алдап кіргізудегі тікелей рөлі Қарағанды көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысымен сотта егжей-тегжейлі дәлелденді.
 

Сот отырысында Қарағанды облысының Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен "еркін экономикалық аумақта" декларация тапсыру тәртібінің ерекшеліктерін жақсы меңгерген және кеден органдарында 23 жылдық тәжірибесі бар "Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" ЖШС-нің өкілі Оспановтың жалған ниетінің болғанын жедел түрде құжаттағаны расталды. Сонымен қоса, Оспанов зауыт жалдаған кеден брокерлерін есептеу техникасы аумағында кедендік төлемдер төленбейтін экономикалық аумақты металлургия өндірісінің қуатын толықтыру үшін пайдалану қажет деп сендірген", - деді ведомствода.

 
Нәтижесінде, сот шешімімен жалпы құны 390 млн теңгеден асатын контрабанда заттары мемлекет кірісіне айналдырылды, оның 1779 данасы "Ant-Miner S9" маркалы майнингке арналған жабдық және 10 000 данасы көлемінде қоректендіру блогына арналған кабель болып табылады.
 
Сот актісі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны