19.03.2025, 17:38 75526
Шығыс Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты
Достарға айту
Қазақмыс" компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алғаны туралы қайғыра хабарлайды.
№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.04.2025, 18:33 1741
Ақмола облысында 80 жастағы қария суға батып кете жаздады
Достарға айту
Ақмола облысында полиция қызметкері мен балықты қорғау инспекторы өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
16 сәуір күні шамамен сағат 17:00-де Ақмола облысында тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан адамның өмірін аман алып қалды. Қорғалжын ауданының учаскелік полиция инспекторы А. Габбасов пен Ақмола облысы бойынша балық шаруашылығын бақылау инспекциясы бөлімінің инспекторы Н. Мұхаметжанов бірлескен рейд барысында өзенге батып бара жатқан қарияны құтқарып қалды.
Сабынды ауылы маңындағы "Сабынды гидроторабы" шлюзінде бірлескен рейд жүргізу барысында олар Алғабас ауылы жағынан шамамен 500 метр қашықтықтан көмек сұраған дауысты естіді. Дауыстың шыққан бағытына дереу бет алып, Нұра өзеніне суға батып бара жатқан ер адамды байқады.
Ер адамның су бетінде тек басы ғана көрініп тұрған, әлсіреп, соңғы күшімен көмекке шақырып жатқан. Қызметкерлер еш кідірместен әрекетке көшіп, қызметтік көліктен алынған арқанның көмегімен оны жағаға шығарып алады. Кейін белгілі болғандай, құтқарылған азамат - 80 жастағы қария екен. Киімі су болғандықтан, оның тоңып қалу қаупі жоғары еді. Құтқарушылар дереу оны жылы киіммен орап, Сабынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қарияның айтуынша, ол өзенге велосипедпен келіп, балық ауламақ болған. Алайда абайсызда тайып кетіп, суға құлап кеткен. Жасы мен су болған киімінің салдарынан өздігінен судан шыға алмаған. Бір сағаттан астам уақыт бойы мұздай суда өмір үшін арпалысқан.
Үлгермейміз бе деп қорықтық. Судың ағысы қатты еді. Қарт кісінің әлі де көрер жарығы бар екен, біз дәл сол сәтте қасында болмағанымызда, қайғылы жағдайға ұласар еді", - дейді полиция қызметкері А. Ғаббасов.
Құтқарушылар барлық балықшыларға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға және жалғыз бармауға кеңес береді. Себебі көктемгі тасқын кезінде тіпті тәжірибелі балықшылардың өзі қауіпке тап болуы мүмкін. Құтқарушылар барлық тұрғындарды, әсіресе балық аулау әуесқойларын сақ болуға шақырады. Көктемгі су тасқыны кезінде өзен-көлдер аса қауіпті. Мамандар су айдындарына жалғыз бармауға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Тіпті тәжірибелі балықшылардың өзі қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 15:27 13351
Алматыда қыз баланы жүк көлігімен қағым кеткен жүргізушісі қамауға алынды
Достарға айту
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша "Renault" жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2025, 10:43 24016
Шымкентте жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болған
Достарға айту
Жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.
Шымкент қаласының вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. "Атырау - Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған. Аталған заңсыз әрекет теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемеумен қатар, ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін еді.
Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі Мейірбек Керімбеков дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.
Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.
Ұлттық тасымалдаушы вагонға жармасу сынды әрекеттердің теміржол көлігі қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және бұл адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін қатаң түрде ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар ауыр жарақаттар мен адам өліміне алып келуі мүмкін.
Қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес, жолаушылар пойызға тек вокзалдар мен станцияларда орналасқан арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана міне және түсе алады. Техникалық аймақтарға өтуге, сондай-ақ вагондардың сыртқы бөліктеріне жармасуға қатаң тыйым салынады.
Техникалық аялдамалар кезінде пойыздан шығуға қатаң тыйым салынады. Құрам елді мекеннен тыс жерлерде тоқтаған жағдайда да жолаушыларға сыртқа шығып серуендеуге немесе темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулер жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.
Сондай-ақ жолаушыларға теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Теміржол нысандары аумағында мас күйде жүруге де жол берілмейді.
Жолаушылар тасымалы" АҚ ата-аналарға жасөспірімдердің арасында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, компания азаматтарды қырағылық танытуға және қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын байқаған жағдайда, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе желілік полицияға хабар беруге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 13:15 45101
Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты
Достарға айту
Алматы полицейлері 19 жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр. Ол тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға қала орталығына жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға таңертең ерте болған. Өткен түні қыз өзінің жігітімен жанжалдасқан болуы мүмкін. Жанжалдан кейін ол тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен қолында телефонмен құлап, қайтыс болды. Марқұм небәрі 19 жаста еді", - делінген хабарламада.
Полицейлер "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 11:50 45376
Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін Мәдениет үйі, аурухана және мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болды
Достарға айту
Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда, деп мәлім етті аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелген болатын.
Жер дүмпуінің жоғары қарқыны - 5 балл - Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында - 2 баллды құрады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.
Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 09:36 45691
Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды
Достарға айту
ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер:
Есептік қарқындылығы:
Мерке ауылы 5.0 б.
Кұлан ауылы 4.0 б.
Шу қаласы 2.0 б.
Толе Би ауылы 2.0 б.
Сарыкемер ауылы 2.0 б.
Тараз қаласы 2.0 б.
Қордай ауылы 2.0 б.
Аса ауылы 2.0 б.
Мойынкұм ауылы 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2025, 11:18 57666
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталуы орын алып, өрттің шығуына себеп болды.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2025, 12:10 67366
Қосалқы станциядағы өрттен кейін Хитроу әуежайының жабылуына байланысты Лондонға рейстерді ауыстырылды
Достарға айту
Air Astana әуекомпаниясы Лондоннан және Лондонға ұшатын жолаушыларды рейстердің ауыстырылуы туралы ескертті.
Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды. Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды"- деп хабарлайды Air Astana.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.04.2025, 13:48Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты 18.04.2025, 15:52 9906Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын Ғалым Тоқпейісов басқарды18.04.2025, 16:58 9361Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:03 8981Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді18.04.2025, 17:11 8731Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
14.04.2025, 10:03 423262025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған16.04.2025, 17:41 42106Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады14.04.2025, 16:43 42046Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды14.04.2025, 17:52 42006Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды14.04.2025, 16:40 41791Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
21.03.2025, 18:05 127356Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 18:41 126971ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты20.03.2025, 17:49 125316Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 123616Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 122961Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті