04.03.2024, 13:38 49411
Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі құлап кетті
Достарға айту
2024 жылғы 3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай - Манкент аралығының Арыс - Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.
Орын алған жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ, пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ.
20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты.
Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2026, 09:03 1701
ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 11:49 55336
Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 08:04 55091
Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:32 59856
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Достарға айту
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі рейс кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 14:35 шамасында болған. №92 бағыттағы автобустың (борт нөмірі 2633) жүргізушісі - 1971 жылы туған Александр Степановтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар КАП-2 диспетчерлік қызметіне түскен.
Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне тоқтап тұрған сәтте болған. Жүргізушінің жағдайы аяқ астынан қиындаған. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басқан. Соның арқасында болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алған.
Жолаушылар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала диагноз - жедел миокард инфаркті.
Алматыэлектротранс" баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші сол күні таңғы 06:10-да міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Ал автобус 06:24-те техникалық байқаудан өткізілген. 25 қаңтар оның 2/2 жұмыс кестесіне сәйкес маршрутқа шыққан алғашқы жұмыс күні болған.
- Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері жетті. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шараларынан кейін көлік паркке жеткізілді, - делінген хабарламада.
Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде және еңбек өтілі барысында диспансерлік есепте тұрмаған. Отбасылық жағдайы - ажырасқан.
Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын және заңнама аясында отбасына көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 23:07 112741
Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті
Сурет: Department of Disaster Prevention and Mitigation of Bangkok
Достарға айту
Тайландта құрылыс кранының жолаушылар пойызының үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Тайландтың Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 қаңтардың кешіне қарай зардап шеккендердің жалпы саны 99 адамға жеткен. Оның ішінде 32 адам қаза тапқан, үш адам хабар-ошарсыз кеткен, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Бұған дейін 22 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жараланғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға болған сәтте пойызда барлығы 195 жолаушы болған.
BBC дерегінше, апат 14 қаңтар күні таңертең Тайландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима провинциясында болған. Кранның құлауы салдарынан пойыз рельстен шығып, артынша өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Корольдік билік апаттың себеп-салдарын анықтау үшін жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қайғылы оқиға Тайландтағы көлік қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Осыған дейін Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 15:03 113021
Тайландта құрылыс краны пойызға құлады: қаза тапқандар бар
Достарға айту
Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 22 адам қаза тауып, шамамен 80 адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.
Апат Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай 230 км жердегі Сихио ауданында болды.
Құрылыс краны жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі құрылыс жұмыстары кезінде пойызға құлады. Сол кезде бортта 195 жолаушы болған.
Зақымдалған вагондардан мәйіттерді шығару қиынға соқты.
Тайландтың құрылыс алаңдарындағы өлімге әкелетін апаттар сирек емес, бұл көбінесе стандарттар мен ережелердің сақталмауына байланысты.
Өткен жылы Бангкокта жер сілкінісінен кейін көпқабатты құрылыс алаңы құлап, 100-ден астам адам қаза тапты, бұл саладағы ұзақ уақытқа созылған мәселелерге назар аудартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 13:55 113261
Теміртауда 40-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды
Достарға айту
Қатты аяз кезінде Теміртауда магистральдық жылу құбырының зақымдануынан екі шағынаудандағы үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Кеше кешкі уақытта 8-ші және Отрадное шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде апат болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Құбырдың жарылуынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, бірнеше жеке тұрғын үй, сондай-ақ бизнес және әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Оқиға дауылды күні болды, сол уақытта өңірде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, зақым тозығы жеткен, 1970 жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген құбыр учаскесінде анықталды. Қалпына келтіру жұмыстарына мамандар мен апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылды. Барлық қажетті техника мен күштер қолданылып, ақауларды жою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әкімдік жұмыстардың барысы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақау толық жойылған. Қазіргі уақытта жүйені толтыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 10:39 135616
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Достарға айту
Кеше, 6 қаңтарда Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған.
Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат штатының тұрғыны, турист Бриджешкумар Бхараткумар Бхатиге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.
Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мүмкін консулдық көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Алматы - Бішкек" автожолының 86-шақырымында болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2026, 10:18Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті 03.03.2026, 11:30 27231Ереванда экология саласындағы қазақ-армян ынтымақтастығы талқыланды03.03.2026, 12:34 27021Қазанда Жамбыл Жабаев мұрасы бойынша шығармашылық кеш өтті03.03.2026, 13:37 26821Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді03.03.2026, 09:03 1636ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
26.02.2026, 17:47 227286Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227271Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227226Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227201Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 227186Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты
26.02.2026, 17:47 227286Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227271Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227226Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227201Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 227186Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты

