07.02.2023, 17:31 16596

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Сурет: twitter/@anadoluajansi
Түркиядағы қазақстандықтармен байланыста дипломаттар, студенттерге қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беріледі

Астана. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде жоқ, деп хабарлады 7 ақпандағы арнайы брифингте Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
 
Оның айтуынша, Қазақстанның Елшілігі Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста.
 

Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде ҚР азаматтары жоқ. Сонымен қатар, көптеген қираған ғимараттардың астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасуда", - деді ол.

 
Ол, сондай-ақ, эвакуация туралы әңгіме әлі жүріп жатқан жоқ екенін атап өтті. Ұшақтар ұшуды жалғастыруда.
 

Бізде Анкарада елшілік, Стамбул мен Анталияда Бас консулдық бар. Консулдық есепке алу үшін сол жерге жүгінуге болады. Бұл сіздің жеке деректеріңізді, елдегі орналасқан жеріңізді хабарлау және төлқұжаттың көшірмесін ұсыну өте қарапайым процедура. Мұндай ТЖ жағдайында біз елде қанша азаматымыз бар екенін білетін боламыз. Бұл бізге күштерді үйлестіруге көмектеседі", - деп атап өтті СІМ өкілі.

 
Ол сондай-ақ қазақстандықтардың көпшілігі консулдық есепке тұрмайтындығына қынжылды, сондықтан кейде СІМ-де олардың орналасқан жері туралы білмейді.
 
Смадияров соңғы тәулікте Түркияда оқитын балаларын іздеп бірнеше отбасы ведомствоға жүгінгенін айтты. Қазір олар туралы ақпарат анықталуда.
 
Оның айтуынша, Түркияда жүрген қазақстандықтармен байланыс орнатқан дипломаттар студенттерге қауіпсіздік шаралары туралы хабарланған.
 
Смадияров табиғи апат 13,5 миллион тұрғыны бар 10 провинцияға кері әсерін тигізгенін айтты.
 

Өкінішке орай, зардап шеккендердің саны сағат сайын өсіп келеді. Әр түрлі мәлімет бойынша 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жарақат алды", - деді СІМ өкілі.

 
Ол осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген кейбір азаматтарымызды Қазақстанға әкелу жоспарланып жатқанын айтты (сағат 15:00-дегі жағдай бойынша - 18 адам, Қазақстанның 16 азаматы және Қырғызстанның 2 азаматы, борттың Астанаға келуі күтілуде, ұшу уақыты қосымша хабарланады).
 
Жоғарыда айтылғанға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде +7 (7172) 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа, жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны