16.02.2026, 18:06 34781

Астанада Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша Өңірлік байланыс тобының отырысы өтті

Астанада Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша Өңірлік байланыс тобының отырысы өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің Өңірлік байланыс тобының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Еркін Тұқымов Қазақстанның Кабулмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасуға және практикалық шешімдер іздеуге мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және практикалық өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Ауғанстан аумағы арқылы транзиттік-көлік дәліздерді кеңейту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қатысушылар Ауғанстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Өңірлік байланыс тобы аясында тұрақты консультацияларды жалғастыруға және жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны