16.02.2026, 15:13 42386

Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды

Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде Халықаралық қатынастар факультеттерінің Мексика қауымдастығының (Asociación Mexicana de Estudios Internacionales - AMEI) өкілдері үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қазақстандағы конституциялық және саяси реформалардың негізгі тұстары туралы түсініктеме берілді. AMEI Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі қауымдастықтардың бірі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстан жаңа Конституциясының жобаcын таныстырып, 2026 жылдың 15 наурызда Қазақстанның Негізгі заңын қабылдау туралы жалпыұлттық референдум өтетіндігін хабарлады.

Аталған ақпарат AMEI құрамындағы профессорлар мен шақырылған жергілікті БАҚ өкілдерінде үлкен қызығушылық туғызды. Қазақстанның ғаламдық әлемдік тәртіптегі өзгерістер аясында жан-жақты және прогрессивті жаңғырту жолында тұрғаны аталып өтті.

Жақын арада қауымдастықтың арнайы подкаст және сұхбат циклі шеңберінде Қазақстандағы үдерістерді жариялап отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен бірге, дипломатиялық қауымдастық пен AMEI арасындағы ынтымақтастықтың жаңа беті ашылды. Атап айтқанда, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, дипломатиялық корпус болашақ мексикалық халықаралық қатынастар мамандарымен байланыстарын жандандырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны