09.02.2026, 18:03 5976

Қазақстан мен Иордания индустриялық аймақтар мен инвестициялар саласындағы байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Иордания индустриялық аймақтар мен инвестициялар саласындағы байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай "PBI Aqaba Industrial Estate LLP" компаниясының Бас атқарушы директоры Әдел И Янмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы үрдістері мен перспективалары талқыланды. Тараптар арнайы (еркін) экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері, сондай-ақ қазақстандық бизнестің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Елші иордандық серіктестермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық компаниялардың Таяу Шығыс пен шектес өңірлердің нарықтарына шығуы үшін Ақабаның индустриялық аймақтарының әлеуетін пайдалануға мүдделілігін атап өтті.

PBI Aqaba Industrial Estate" өкілдері компанияның қызметі, инвесторларды сүйемелдеу тәсілдері және Орталық Азия компанияларымен өзара іс-қимылды дамытуға дайындығы туралы хабардар етті.


Бизнес өкілдерінің танысу сапарлары мен кездесулерін ұйымдастырумен қатар іскерлік байланыстарды дәйекті түрде арттыру мәселелеріне және әрі қарай өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға бағытталған тұрақты байланыстар мен тығыз өзара іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны