09.02.2026, 16:24 3851

Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды

Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Румыния Парламентінің Сенаторы, "Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық" тобының төрағасы Кристиан-Августин Никулеску-Цыгырлашпен Қазақстан Конституциясының жаңа жобасына және жалпы конституциялық реформаға қатысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

К.Никулеску-Цыгырлаш Конституцияның жаңа жобасы мен жалпы конституциялық реформаны мемлекет институттарын жаңғыртудың маңызды құралы ретінде бағалады. Оның пікірінше, қазіргі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында негізгі заң қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, ал реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталуы керек.

К. Цыгырлаштың ойы бойынша Румыния үшін мұндай реформаның басты пайдасы - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту.

Сенатор конституциялық нормаларды нақтылау сот тәуелсіздігін нығайтуға, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қазіргі заман талаптарына сай қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны