21.10.2022, 13:38 39911

Қостанай облысында орман өрті салдарынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығына жарық, газ және су берілді.
Қостанай облысында орман өрті салдарынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды
Сурет: Видеодан кадр
Қостанай. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды. Бұл туралы мемлекеттік бақылау бөлімі хабарлады.
 
91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығына жарық, газ және су берілді. Тіпті интернет желісі де тартылды. Жаңа ауданға асфальт та төселген.
 
Құрылысты 16 мердігер мекеме жүргізді. Тағы бір айта кетерлігі, зардап шеккен барлық отбасы қоғамдық қорлардан материалдық және гуманитарлық көмек алды.

 
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Қостанай облысында 8 күнге созылған орман өрті жойылды. Өрт 2 қыркүйекте Әулиекөл ауданында басталды. Өрт, шыққан сәттен бастап, жалпы ауданы 43 мың гектарды құрады.
 
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, комиссия Қостанай облысындағы өрт - табиғи өрт емес деген нұсқаға сүйеніп отыр.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны