08.07.2021, 23:27 15884

Қазақстандықтар әлеуметтік жәрдемақыны тіркеуге қарамастан рәсімдей алады

2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің аумақтан тыс қағидаты енгізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - 2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің аумақтан тыс қағидаты енгізіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
 
Қазақстандықтар тұрақты тұратын жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтты.
 
Қазір тұрақты тіркелудің болуы әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критерийлерінің бірі болып табылады.
 

Қызмет көрсету үдерісін цифрландыру бағыттарының бірі - эксаумақтық қағидатты енгізу. Үшінші тоқсанда осы қағидаттың арқасында қазақстандықтар босануға және бала күтімі бойынша; жүктілікке және босануға байланысты кірістерді жоғалған жағдайда; жаңа туған баланы асырап алу бойынша; бір жасқа толған кезде баланы күтуге байланысты кірістерді жоғалту жағдайында тіркеуіне қарамастан жәрдемақыны еліміздің кез келген ХҚКО-да ресімдей алады. Жыл соңына қарай біз қалған төлемдер бойынша да эксаумақтық қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Біржан Жүнісов.

 
Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 815 042 мемлекеттік қызмет көрсеткенін қосты. Жалпы мемлекеттік корпорация төлемдердің 44 түрі бойынша электрондық іс макеттерін қалыптастырады және міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп жүргізеді.
 
Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкіметте" енді автокөліктерді сақтандыруды мамандандырылған ХҚКО-ларда ресімдеуге болатынын айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны