11.08.2021, 18:15 17808

Денсаулық сақтау министрі білім беру нысандары үшін жаңа санитарлық ережелерді атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту үшін сақталуы қажет талаптарды айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім еткендей, 2021 жылғы 5 тамызда "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" жаңа санитарлық қағидалары бекітілді. Санитарлық ережелер мына талаптарды қамтиды: оқыту форматтары (қашықтан, аралас және дәстүрлі); тамақтандыруды ұйымдастыру (оқушыларды асханаға отырғызу олардың арасында кемінде 2 м әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі); корпустардағы, аудиториялардағы, спорт және акт залдарындағы бөлмелерге кіргізу (жобалық қуаттың 40-50%-нан аспайды); зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар (1 білім алушыға кемінде 5 м2 қамтамасыз етумен жүргізіледі); жатақхана бөлмелерінің толтырылуы (50% дейін).
 

Мектеп педагогтары мен қызметкерлерін вакциналау жұмыстары аяқталуда. 18 және одан жоғары жастағы студенттерді вакциналау басталды. Аумақтық денсаулық сақтау департаменттері өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың құрамында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда", — деп атап өтті А. Цой. 

 
Ол қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналау кезінде мүмкін болатынын атап өтті.
 
Министр оң тәжірибені ескере отырып, мектептерге кірер кезде педагогтар, қызметкерлер мен ата-аналар қатарынан ауру жұқтырғандарды, вакцина алмағандарды және вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды бақылау мақсатында Ashyq қосымшасын пайдалану орынды деп санайды. 
 
Цойдың айтуынша, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: 
 
- барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісі; 
 
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; 
 
- сыныптарды бөлу және үзіліс уақытын әртүрлі сыныптарға арнап бөлу; 
 
- асханаларда тамақтануды ұйымдастыруда бақылауды күшейту;
 
- карантин енгізілген жағдайда мектептерде қашықтан оқытуға көшу 1 инкубациялық кезеңдегі жағдайлардың санына, анықталған санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтарға, сондай-ақ жақын байланыста болған адамдардың санына байланысты сараланып жүзеге асырылады. 
 

ЖОО мен колледждерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру кезінде педагогтар мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалар қызметкерлерін, 18 жастан бастап студенттерді 100% вакциналауды қамтамасыз ету қажет. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін оқу корпустарына, кітапханалар мен жатақханаларға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу міндеттелді. Бұдан өзге барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісін қоса алғанда, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау; бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, дәріс залдарында рециркуляторларды орнату немесе желдету қажет. Жатақханаларда тұру жағдайларына бақылауды күшейту қажет", — деп атап өтті А. Цой.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны