27.05.2025, 18:20 79771

Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды

Қазақстан қоржынында алғашқы медаль: Ясмина Тоқсанбаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру комитетінен.

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.

Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны