02.05.2025, 13:28 47176
Қазақстандық ауыр атлет Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыда алтын медаль жеңіп алды
Достарға айту
Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҰОК-нің баспасөз қызметінен.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды - 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады - 252 келі (113+139).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2025, 15:45 22401
Астанада конкурдан Еуразия Лигасы Әлем Кубогының кезеңінің бірінші күні аяқталды
Достарға айту
Астанада Ат спортының конкур түрінен Еуразия Лигасы Әлем Кубогының кезеңі басталып, бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс FEI (Халықаралық ат спорты федерациясы) аясында өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі бұл турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Грузия елдерінен келген шабандоздар қатысып жатыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысып, ресми түрде турнирдің басталғанын жариялады. Сонымен қатар, шараға спорт саласының танымал тұлғалары мен халықаралық төрешілер де қатысты.
Конкур - ат спортының техникалық жағынан ең күрделі әрі тартысты түрі. Бұл жарыста шабандоз бен ат түрлі биіктіктегі кедергілерден белгіленген ретпен секіріп, дистанцияны мүмкіндігінше тез және қателіксіз өтуі қажет. Сайыс жылдамдық пен дәлдікті, атпен үйлесімді жұмысты талап етеді.
Аталған жарыстың Астанада өтуі де ерекше мәнге ие. Елордалық көрермендер үшін бұл - тарихи сәт. Себебі конкур сайысы Астанада соңғы 10 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша үш жарыс өтті:
Еуразия Лигасы Әлем Кубогы, конкур 125 см
Жеңімпаздар:
1 орын - Андрей Тряпицын (Қырғызстан);
2 орын - Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан);
3 орын - Даяна Оңаева (Қазақстан).
Maxima Masters Eurasia шағын кубогы - конкур 125 см Жеңімпаздар:
1 орын - Бекжан Байжанұлы (Қазақстан);
2 орын - Андрей Тряпицын (Қырғызстан);
3 орын - Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан).
Еуразия Лигасы Әлем Кубогы, конкур 140 см
Жеңімпаздар:
1 орын - Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан);
2 орын - Акбар Шарипов (Өзбекстан);
3 орын - Бекзод Курбанов (Өзбекстан).
Турнир 1 маусымға дейін жалғасады. Жарыстар Астанадағы "Арғымақ" ат спорт кешенінде өтіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 13:30 25416
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медалін жеңіп алды
Достарға айту
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК-нің баспасөз қызметінен.
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.
Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 18:20 27941
Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды
Достарға айту
Қазақстан қоржынында алғашқы медаль: Ясмина Тоқсанбаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру комитетінен.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 17:12 51586
Қазақстандық гимнаст Египеттегі Әлем Кубогы кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды
Достарға айту
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен.
Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 17:47 61191
Астанада инклюзивті спорт орталығы салынады
Достарға айту
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында инклюзивті спорт орталығы жайлы жазды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше көңіл бөле отырып, елордамызды дамытуды ары қарай жалғастырамыз. Сонымен, қалада тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік нысандарды - мектептер, мемлекеттік балабақшалар, оқушылар сарайлары, қолжетімді жеңілдетілген тұрғын үйлер, медицина, спорт нысандарын және т.б. саламыз.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының басшысы Мәулен Әшімбаевпен бірге инклюзивті спорт орталығының құрылысы жүріп жатқан орында іргетасын қалау рәсіміне қатыстым. Бұл әлеуметтік маңызды нысан - бірегей жоба. Мұнда мүгедектігі бар спортшылар тек жаттығып, жарыстарға дайындалып, оңалтудан өтіп қана қоймай, өзара араласып, бір-біріне қолдау көрсете алады.
Инклюзивті спорт орталығында бочча, арбадағы футбол мен баскетбол, үстел теннисін, голбол, отырып ойнау волейболын, бейімделгіш пионербол және т.б. ойнауға арналған залдар жабдықталады. Сол сияқты орталықта мүгедек балалар мен ересектерге арналған дене шынықтыру-спорттық, оңалту қызметтері көрсетілетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Балабақшалар мен мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашамыз, оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, инватакси санын арттырамыз, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен жолдарды абаттандыру кезінде алдымен адамдардың барлық санатының қызығушылығын ескереміз және т.б.", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2025, 17:01 72726
Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.
Отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 17:11 79786
Астанада таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Достарға айту
Астанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды.
Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады", - дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен.
Астана қаласының спортшыларының нәтижелері:
Қыздар:
1-орын: Аяжан Таңжарық (55 кг);
3-орын: Кристина Ким (29 кг).
Ұлдар:
1-орын: Руслан Стацина (37 кг);
1-орын: Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг);
1-орын: Аятжан Әмірханов (57 кг);
1-орын: Мирас Есенгелді (65 кг);
3-орын: Аслан Заманбеков (61кг).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 09:45 72391
Тоқаев қазақстандық боксшыны тарихи жеңісімен құттықтады
https://www.instagram.com/p/DHRNXgyMU9w/
Достарға айту
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл - айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазды президент өзінің Instagram парақшасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2025, 14:53Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды 19.06.2025, 14:54 72721Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды16.06.2025, 10:46 69501Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды17.06.2025, 10:35 64891Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:29 64466Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады
23.05.2025, 16:58 175151ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды02.06.2025, 17:03 138726Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 133151Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 133006Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132886Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды