12.02.2025, 14:59 96741
Қазақстандық шаңғышылар 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.03.2025, 17:11 6276
Астанада таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Достарға айту
Астанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды.
Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады", - дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен.
Астана қаласының спортшыларының нәтижелері:
Қыздар:
1-орын: Аяжан Таңжарық (55 кг);
3-орын: Кристина Ким (29 кг).
Ұлдар:
1-орын: Руслан Стацина (37 кг);
1-орын: Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг);
1-орын: Аятжан Әмірханов (57 кг);
1-орын: Мирас Есенгелді (65 кг);
3-орын: Аслан Заманбеков (61кг).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 09:45 6646
Тоқаев қазақстандық боксшыны тарихи жеңісімен құттықтады
https://www.instagram.com/p/DHRNXgyMU9w/
Достарға айту
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл - айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазды президент өзінің Instagram парақшасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2025, 10:35 23646
ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді
Достарға айту
ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері К. Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры Айбол Құлбаевтың кандидатурасына келісім берді.
Кандидаттың спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 14:59 26746
Қазақстандық тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
https://olympic.kz/kk/article/32913-kirill-kurdidi-zavoeval-bronzovuyu-medal-chempionata-azii-po-velosportu-na-treke
Достарға айту
Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:37 28856
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Польшада өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Достарға айту
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты - 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді - 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды - 34,76 секунд.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:20 96421
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында "элита" санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:11 103226
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Достарға айту
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 10:36 103346
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Достарға айту
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.03.2025, 09:57Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді 20.03.2025, 13:03 Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды6321Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды20.03.2025, 16:25 5731Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді20.03.2025, 17:38 5081Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды20.03.2025, 17:49 4836Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды
14.03.2025, 21:38 107956Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды14.03.2025, 18:07 107716Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 18:35 107381Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды14.03.2025, 17:27 96241Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді14.03.2025, 15:56 89286Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты
25.02.2025, 14:43 140836Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды21.02.2025, 10:07 137606СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр07.03.2025, 16:20 135486Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 132081Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді27.02.2025, 16:48 131581Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады