23.07.2025, 11:38 100036

Қазақстандық таеквондист Универсиада-2025 алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық таеквондист Универсиада-2025 алтын медалін жеңіп алды
Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.

Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.

Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны