14.08.2020, 21:40 54736

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті

Қазiргi уақытта Ерейментау, Аршалы, Целиноград және Бiржан сал аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешендерi салынуда. Облыстың спорт инфрақұрылымында барлығы 2,5 мың спорт объектiсi бар.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Көкшетауда облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Спорт күнiне арналған салтанатты шара өттi.

Спортшыларды құттықтай отырып, өңiр басшысы олардың қажырлы еңбегiн, күш-жiгерiн және өз iсiне адалдығын атап өтiп, мемлекеттiк наградаларды табыс еттi және халық үшiн жаңа спорт объектiлерiнiң құрылысы жайлы айтып бердi.

Қазiргi уақытта Ерейментау, Аршалы, Целиноград және Бiржан сал аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешендерi салынуда. Облыстың спорт инфрақұрылымында барлығы 2,5 мың спорт объектiсi бар. Тұрғын үйлердiң жанында спорт алаңдарының саны соңғы 2 жылда 70 бiрлiкке артты және 2020 жылдың соңына дейiн облыстың аудандары мен қалаларында тағы 20 жаңа спорт алаңдары ашылатын болады, Есiл ауданында ДСК құрылысы басталады. Келесi жылы Бурабай ауданында спорт сарайының құрылысы басталады деп күтiлуде.

"Бiздiң аға буын өкiлдерiне ерекше тоқталғым келедi. Бүгiн залда ардагерлер, жаттықтырушылар - Өмiрзақ Базылұлы Қуатбеков, Лев Львович Маар, Чуйко Василий Тимофеевич, Бимжанов Қанат Шиапұлы отыр. Өскелең ұрпақ тәрбиелеуге көп жылдарын арнаған, өңiрiмiзде және жалпы Қазақстанда дене шынықтыру мен спорт саласының қалыптасуына қомақты үлес қосқан барлық спортшыларды құттықтаймын" - деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

"Биыл облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 192 медаль жеңiп алды (52 алтын, 65 күмiс, 75 қола). Алайда, әлемдегi коронавирус бойынша қалыптасқан жағдай спорт жоспарларына түзетулер енгiздi. Барлық спорттық iс-шаралар тоқтатылды, ал Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды. Карантин аяқталғаннан кейiн санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес спорттық өмiр қайта басталады деп үмiттенемiз. Бiздiң спортшылар дайындықты қалыпты режимде жалғастырады", - дедi облыс әкiмi.

Кәсiби мерекеге орай 14 спорт ардагерi мен жаттықтырушы-оқытушылар республикалық наградалармен: "Еңбек ардагерi" медалiмен, "Құрметтi спорт қызметкерi" және "Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесi үшiн" төсбелгiлерiмен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды. Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хаты 8 жаттықтырушы мен спорт қайраткерлерiне табысталды, сондай-ақ, ақпаратты уақытында және сапалы дайындағаны үшiн облыстық "Көкше" телеарнасының редакторы Қалымбек Мұхамеджанов атап өтiлдi.

"Бiз бiрге көп нәрсенi, соның iшiнде коронавирусты жеңе алатынымызға сенiмдiмiн! Бiздiң бiрлескен күш-жiгерiмiздiң нәтижесiнде бiздiң стадиондар, спортзалдар әлi де толық болады", - деп түйiндедi өңiр басшысы. Салтанатты iс-шара естелiк фотосуретке түсумен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны