05.10.2021, 18:52 23189

ҚР Терроризмге қарсы орталығы террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша қосымша шаралар қабылдады

Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қаралып, мақұлданды.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАЗАН - 2021 жылғы 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысы – ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Орталықтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қазіргі кезеңдегі террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдарды талқылап, қосымша шаралар қабылдады", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, терроризмге қарсы комиссиялар тұрғысынан жергілікті жерлерде терроризм профилактикасын және терроризм әрекетін қаржыландыруға қарсы күресті күшейту жөнінде шешімдер әзірленді. 
 
Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қаралып, мақұлданды.
 
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны