16.02.2026, 13:16 18576

Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге қала әкімі Дархан Сатыбалды қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген.

- Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді, - делінген хабарламада.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін "экономика" және "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.

2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сияқты әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны