24.07.2025, 13:52 41011

Қазақстанда мектеп лагерлері мен қала сыртындағы орталықтардың жұмысы лицензияланатын болады

Қазақстанда мектеп лагерлері мен қала сыртындағы орталықтардың жұмысы лицензияланатын болады
Қазақстанда мектеп лагерлері мен қала сыртындағы орталықтардың жұмысы лицензияланатын болады. Бұл туралы Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев баяндама жасау барысыда мәлім етті.

Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруы бойынша. Биыл бұл бағытта 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь мен 220 қаладан тыс жазғы сауықтыру орталықтары қызмет көрсетуде. Нәтижесінде 3,4 млн баланы қамтыдық. Өзім өңірлерге іс-сапарға шыққанда осы лагерьлерге арнайы соғып, балалардың демалу жағдайлары мен тамақтануының қауіпсіздігін тексеріп жүрмін. Биыл 5 сауықтыру орталықтары ашылды. Жылдың соңына дейін қосымша тағы 27 орталық іске қосылады. Бұның сапасын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап бұл қызмет лицензияланады", - деді ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны