31.12.2021, 16:28 30001

Бірқатар ресейлік жоғары оқу орындары Қазақстанда филиалдарын ашады

"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде біздің стипендиаттарды Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға және тағылымдамадан өтуге жіберу жұмыстарын жандандыру жеке бағыт болады.
НҰР-СҰЛТАН. 31 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан мен Ресейдің білім министрлері жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ынтымақтастық туралы жаңа үкіметаралық келісімге қол қою мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан аумағында шетелдік үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

28 желтоқсанда қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев бастаған қазақстандық делегация Мәскеуге жіберілді. Делегация құрамында еліміздің бірқатар ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары да болды.
 

Жұмыс сапары барысында біз ресейлік әріптестермен бірқатар кездесулер өткіздік. РФ Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерімен, Мәскеу физика-техникалық институтының, "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшылығымен кездестік. Осы жоғары оқу орындарына барып, ынтымақтастық және елімізде Ресей университеттерінің филиалдарын ашу мәселелері бойынша келіссөздер жүргіздік", - деді Қуаныш Ерғалиев.

 
Сондай-ақ, қолданыстағы келісімдер мен бірлескен бағдарламалар шеңберінде тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты. 
 

Бұдан басқа, "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде біздің стипендиаттарды Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға және тағылымдамадан өтуге жіберу жұмыстарын жандандыру жеке бағыт болады", — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президенті Владимир Путинмен келіссөздерде білім беру мәселелерін қозғаған болатын. Оның айтуынша, Қазақстанға техникалық мамандар қажет, сондықтан білімді Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарынан алуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны