14.01.2023, 12:33 42406

Сенат депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды

Сенат депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды
Астанадан Бибігүл Жексенбай, Алматыдан Жанна Асанова сенатор болады
 
Астана. 14 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Абай, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын шығарды.

ҚР ОСК
 
Дауыс берудің алдын ала қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қалалар мен өңірлерден сайланған депутаттары:
 
Абай облысы - Қайрат Тастекеев (82,4%)
 
Ақмола облысы - Талғат Жүнісов (90,9%)
 
Алматы облысы - Жанболат Жоргенбаев (83,2%)
 
Атырау облысы - Әлібек Наутиев (68,6%)
 
Ақтөбе облысы - Амангелді Нұғманов (83,1%)
 
Жетісу облысы - Амангелді Төламисов (76,3%)
 
Қарағанды облысы - Серік Өтешов (78,2%)
 
Қызылорда облысы - Руслан Рүстемов (67,4%)
 
Жамбыл облысы - Сәкен Арубаев (89,3%)
 
Түркістан облысы - Мұрат Қадырбек (72,5%)
 
Павлодар облысы - Ернұр Айткенов (87,1%)
 
Ұлытау облысы - Советбек Медебаев (61,7%)
 
ШҚО - Шәкәрім Бұқтұғұтов (86%)
 
Маңғыстау облысы - Бекбол Орынбасаров (72%)
 
СҚО - Гүлмира Кәрімова (80,4%)
 
БҚО - Арман Өтеғұлов (74,7%)
 
Қостанай облысы - Ғауез Нұрмұхамбетов (83,1%)
 
Астана - Бибигүл Жексенбай (62,1%)
 
Алматы - Жанна Асанова (62,2%)
 
Шымкент - Нұрлан Бекназаров (76,7%)
 
Бүгін, 2023 жылғы 14 қантарда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы өтуде. Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды. Сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілді. Алматы қаласында 4 кандидат, 6 өңірде 2 кандидат: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында. Қалған өңірлерде және Астана, Шымкент қалаларында - 3 кандидаттан.
 
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 26 қарашада ұлықтау рәсіміндеҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
 

Жоғарғы палата депутаттарын сайлау конституциялық реформаны іс жүзінде іске асырудың жалғасы болады. Олардың қорытындысы бойынша бәсекелестік пен ашықтық қағидаттары негізінде Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі жаңартылады", - деді Президент.

 
Жаңа жылдан бастап Парламенттегі заң шығару процесі өзгерді. Енді заң қабылдау құқығы Мәжіліске берілген. Ал Сенат тек Мәжіліс қараған заңдарды мақұлдайды немесе мақұлдамайды. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар, конституциялық заңдардың жобалары, сондай-ақ Президент басым деп жариялаған заңдар палаталардың бірлескен отырыстарында қаралатын болады.
 
Бұдан басқа, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға Сенатты қалыптастыру тәртібін өзгерту жөніндегі нормалар енгізілген. Президенттік квота 10 мандатқа дейін қысқарады, оның ішінде Сенаттың бес депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.
 
Жоғарғы палата Конституциялық сот және Жоғарғы Сот кеңесі төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды келісетін болады.
 
14.01.2023, 15.08 толықтырылды
 
ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, бір күн бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өкілеттігі тоқтатылған Андрей Лукин Астанадан Сенаттың екінші депутаты болуы мүмкін.
 
Таңдаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
 
  • Зейнұлқабден Табиғат - 6
  • Әбілқайыр Сайранбек Ератырұлы - 4;
  • Лукин Андрей Иванович - 19;
  • "Баріне қарсымын" белгісі бар бюллетеньдер саны - 0;
  • Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 0.
 
Осылайша, Астана қаласының сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына таңдаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат: Лукин Андрей Иванович, 65,5%.
 
  • таңдаушылардың жалпы саны - 31;
  • сайлау бюллетеньдерін алған таңдаушылар саны - 29;
  • дауыс беруге қатысқан таңдаушылар саны - 29.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны