10.03.2023, 11:59 29446

Шетелде тұратын қазақстандықтар 62 елде Мәжіліс сайлауында дауыс бере алады

Шетелде тұратын қазақстандықтар 62 елде Мәжіліс сайлауында дауыс бере алады
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды

Астана. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ​​Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
 

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады", - деді ҚР СІМ-де.

 
ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.
 

Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. ОСК мәліметінше, 26 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне өткізген сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32 мың 550 азамат енгізілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны