19.12.2022, 18:18 12516

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Ел басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады
Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Сурет: Depositphotos
Астана. 19 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.
 
Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады.
 
Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.
 
Бұған дейін Тоқаев Катар әміріне құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны