27.02.2023, 13:24 22111

Жеңілдетілген автонесиелеу сайтының қауіпсіздігі тексерілетін болады

Жеңілдетілген автонесиелеу сайтының қауіпсіздігі тексерілетін болады
Сурет: Depositphotos
Тексеру аяқталғаннан кейін ведомство талдау нәтижелерін жариялайды

Астана. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жеңілдетілген автонесие беру сайтын қауіпсіздік талаптарына сай екендігін тексеру басталды.

Цифрлық даму министрлігінің айтуынша, autonesie.kz порталына қатысты азаматтардан шағым көп түскен. Сәйкесінше, сайттың ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары заңға сай ма екендігін тексеру ісі басталған. Тексеру аяқталғаннан кейін ведомство талдау нәтижелерін жариялайды", - деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.


Бұған дейін бұл ресурс ешбір сынақтан өтпегендігі жайлы айтылған болатын. Өнеркәсіпті дамыту қоры мемлекеттік техникалық қызмет тарапынан платформаны тексеру қажеттілігі жоқтығын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Сенат кулуарында Үкімет автонесиелеу бойынша жұмыстың бір бөлігін орындағанын және бағдарламаны қаржыландыруды ұзартуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

Қазақстанда 2023 жылдың 6 ақпанында сағат 10.00-де жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталды.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны