23.09.2025, 12:09 84476

Ұлттық тасымалдаушы "Поттер пойызын" іске қосады  

Ұлттық тасымалдаушы "Поттер пойызын" іске қосады
Сурет: railways.kz

Жолаушылар тасымалы" АҚ электропойыз жолаушыларына арналған "Поттер пойызы" атты жаңа мәдени-ойын-сауықтық жобасын іске қосты. Бұл - Қазақстанда алғашы рет электропойыз ішінде өтетін театрландырылған бағдарлама. Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.


Сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің образындағы әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерді қамтып, балалар мен ересектерге ертегідей саяхаттың ерекше атмосферасына енуге жағдай жасайды. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық - сиқырлы таяқша табысталады.

Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылады. Пойыз "Астана-1 - Тастақ - Астана-1" бағыты бойынша (Астанадан 60 км) жүріп өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы - 2 сағат.

Поттер пойызының" алдағы рейстері:


  • 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25
  • 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25

Жолаушылардың ыңғайы үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны