04.03.2026, 10:25 451

Иран Израиль тарапынан жасалған зымырандық шабуылдарға ұшырады

Иран Израиль тарапынан жасалған зымырандық шабуылдарға ұшырады
Сурет: aa.com.tr
Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль аумағына және Таяу Шығыстың бірқатар елдеріндегі америкалық әскери базаларға зымырандық соққылар жасады.

Сонымен қатар, Иранның Минаб қаласында қыздарға арналған мектепке жасалған шабуыл салдарынан ондаған бала қаза тапты. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбандар саны 170-ке жетті.

Сондай-ақ Катар мен Сауд Арабиясының мұнай-газ инфрақұрылымына соққылар жасалғаны тіркелді. Ирандық БАҚ Saudi Aramco мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуылды Израиль жүзеге асырды деп мәлімдеуде.

Бұдан бөлек, Кувейтте қателікпен үш америкалық жойғыш ұшақ атып түсірілді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны