07.04.2023, 08:48 21791

Талдықорғанда ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы қаңтар оқиғасы кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Талдықорғанда ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы қаңтар оқиғасы кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сурет: Pexels
Талдықорған. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Талдықорған сотында лауазымды адамның билігі мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Сәбит Құрманәлиевка қатысты іс қаралды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі).
 
Сәбит Құрманәлиев Алматы облысы ҰҚКД бастығы кезінде өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылғы 5 қаңтардағы оқиғаларды ескере отырып, өз лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шара қолданбауға, әкімшілік ғимараттан кетуге, қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, нәтижесінде кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды ("құпия" деген белгіге байланысты басқа мән-жайды жария ету мүмкін емес).
 
Сот үкімімен Сәбит Құрманәлиев 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 10 жыл құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазым атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Қазақстан Президентіне Сәбит Құрманәлиевті ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны