10.06.2022, 19:17 16696

АрселорМиттал Теміртаудағы қайғылы оқиға: төртеуі қаза тапты, біреуі ауруханада

АрселорМиттал Теміртаудағы қайғылы оқиға: төртеуі қаза тапты, біреуі ауруханада
Сурет: gmk.center
ТЕМІРТАУ. 10 МАУСЫМ - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехтарының бірінде төрт жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. 
 
Еске сала кетейік, металлургиялық пештерді жөндеу кезінде пеш күмбезі құлап, салдарынан 5 адам топырақ астында қалған. 
 
Оның төртеуі көз жұмып, біреуі ауруханада жатқаны белгілі болды. 
 

Бүгін "АрселорМиттал Теміртауда" құрылыс мамандары қаза тапты. Қайғылы жағдай жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болды. Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында. 

 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бесінші жұмысшының жағдайы туралы түсініктеме берді. 
 

1994 жылы туған науқас ауруханаға жеткізілді. Есін біледі, гемодинамика тұрақты, маңдайында терең жарақаты бар. Қазіргі уақытта диагностика жасалып жатыр. Пполитравма бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматологтар тексеру жүргізу үстінде. Науқас жедел желі бойынша қарқынды терапия палатасына жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны