05.09.2022, 17:26 20381
Қостанай облысындағы өрт: зардап шеккендерге жедел желі ашылды
Сурет: ОКҚ
Достарға айту
Жергілікті атқарушы органдар Көшірілгендерді тамақпен қамтамасыз ете отырып, Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды. ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтардың табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуге құқығы бар», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, өрт сөндіру орман аймағында 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) жүргізілуде (жиегінің жалпы ұзындығы 5 км). Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: Аманқарағай ауылында - 85 және Озерный ауылында - 6.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінгенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келді. Ол Әулиекөл ауданын тікұшақпен аралап шықты, содан кейін жедел штаб отырысын өткізді, онда ол зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.11.2023, 14:48 5086
Өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
Бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
Достарға айту
Алматыда хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл туралы өңірлік коммункаициялар қызметі брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі", - деді Айдар Жақыбаев.
Ол сондай-ақ қаза тапқан шетелдік азаматтардың отбасыларына да мәйітті жерлеу орнына дейін тасымалдауға жәрдем жасалатынын айтты.
Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 14:43 5356
Әкімдік өрт салдарынан зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шараларды қабылдауда
Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда
Достарға айту
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Шәріпов көшесінде орналасқан хостелдің аумағында болған өрт орнына келіп, ғимаратты қарап, өрттің алдын ала болу себебін тыңдады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қала басшысы әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді, сондай-ақ барлық эвакуацияланғандар үшін тамақтану ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда.
Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 10:56 6211
Жатақхана тұрғын үйге заңсыз орналастырылған-Алматы әкімдігі
Достарға айту
Өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапқан жатақхана санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, ғимаратқа заңсыз орналастырылған, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ғимараттың иесі - "КУСА Халык" ЖШС. Жалға алушы - "ALA Hostel" ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты - дүкенді пайдалану және қызмет көрсету. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы - 457 шаршы метр", деп хабарлайды әкімдіктен.
ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңына сай үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.
Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады. Осылайша жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 17:42 9571
Шығыс Қазақстанда екі баланы ит талап тастады
Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды, ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ит талаған екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған. Аулада ойнап жүрген екі балаға ит шабуыл жасап, талап тастаған. Қазіргі уақытта олар Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, медициналық көмек көрсетілген балалар дәрігерлер бақылауына алынған.
Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды. Ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Оның сөзінше, әуелде балалардың бірі өзін ит талағанын мойындамай, әйнекке құлап қалғанын айтқан. Алайда жарақаттарынан ит қапқаны айқын көрінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 14:11 13561
"Қазақмыс" жұмысшылар қаза тапқаннан кейін барлық жерасты кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтатты
Сурет: Instargam/kazakhmys_official
Достарға айту
2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты "Қазақмыс" компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық ереже бұзушылықтар анықталып, жойылмайынша жалғасады.
Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.
Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 13:30 16771
"Қазақмыс" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақмыс" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды", деп айтылған хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2023, 19:45 46161
"Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті
Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді
Достарға айту
Алматы-Қорғас" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен орын алды. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2023, 19:36 46376
Елордада қатты желден кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада 18 қараша күні кешкі уақыттан бастап қатты жел соғып, құрылыстарға зиян келтіріп, ағаштарды құлатып, белгілерді жұлып әкетті. Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Коммуналдық қызметтер аудан әкімдіктерімен бірлесіп, апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Өткен тәулікте Астана Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері расталмаған 3 факті бойынша 28 рет шықты, 10 өрт оқиғасы, 12 авариялық-құтқару жұмысы және т.б.
Мәселен, Үркер елді мекенінде ауа райының нашарлауына байланысты Ұлттық ұлан әскери бөлімінің бес қабатты казарма ғимаратының шатыры бұзылды. Оның жалпы алаңы 1500 шаршы метрді құрады.
Байқоңыр ауданында ауа райының қолайсыздығы кезінде 7 автобус аялдамасы опырылып, 6 қоршау зақымдалды. Сол сияқты 6 ағаш құлады.
Сарыарқа ауданында екі қабатты үйдің шатыры бұзылып, артынша "Школьная" мекемесінің электр энергиясы үзілді. Астана-АЭК арқылы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.
Алматы ауданында 8 жол белгісі, 1 жарықтандыру бағанасы, 5 шам, қоршау және т.б. бүлінді.
MEGA Silk Way" сауда орталығының негізгі кіреберісінің жанындағы көшеде қатты желден жарнамалық баннер жұлынып, әйел адамның үстіне түсті. Ол №2 ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, жағдайы қанағаттанарлық.
Нұра ауданында "Evolution" ТК, "Техникум" ТК құрылыс алаңдарында, Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында, Қабанбай батыр даңғылы, 29/4, Қорғалжын тас жолы, 20Б, Омаров көшесі, 21/1 және Тұран даңғылы, 57/1 мекенжайларында қоршауларды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Коммуналдық қызметтер қатты желден кейін қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.12.2023, 13:29Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады 01.12.2023, 13:37 1971Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті01.12.2023, 11:50 1486Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады01.12.2023, 10:53 1306Түркістан облысының прокуратурасы жер учаскелерін заңсыз берумен айналысқан алаяқтықтарды анықтады01.12.2023, 11:55 1271Екінші деңгейдегі ірі банк аграрлық жобаларды төмен несиелік мөлшерлемемен қаржыландыруға дайын
24.11.2023, 18:37 87811Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86196Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде24.11.2023, 18:25 75956Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады24.11.2023, 18:13 69586Тамара Дүйсенова республикалық "Worldskills Kazakhstan 2023" жарысына қатысушылармен кездесті24.11.2023, 18:06 69111Елімізде биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды
02.11.2023, 18:58 204066Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189371Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186351Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154596Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 145021Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті