02.09.2021, 19:52 12662

Ақтөбеде ғимараттың құлауы кезінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

АҚТӨБЕ. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Ақтөбеде ғимараттың құлауы кезінде зардап шеккендердің бірі реанимацияда қайтыс болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде 1988 жылы туған әйел көптеген жарақат алған. Бүгін, 2 қыркүйекте ол ауруханада қайтыс болды.
 
Қазіргі уақытта құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
 
Еске сала кетейік, кеше Ақтөбеде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы орналасқан кеңсе ғимараты құлаған болатын. ТЖ орнынан екі адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі - 1987 жылы туған ер адам - медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай-ақ, омыртқа мен бас жарақаттарын және бірнеше сынықтарды алған әйел ауруханаға коматозды күйінде жеткізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны