Алматы облысының тауларында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды
2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен", - деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Жоғалып кеткен адамдар ТЖМ бірнеше мәрте айтқан ұсынымдарына қарамастан, жоспарланған туристік маршруты туралы облыстық ТЖД-не айтпаған. Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы өтімділігі жоғары техникамен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі мен волонтерлер жүргізді, сонымен қатар дрон жұмылдырылды. Сонымен қатар, сағат 15-00-де әуе кемесін тарту жоспарланған болатын, алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесін тарту мүмкіндігі болмады. Жоғалған адамдар іздеу тобына қарай баяу жүріп, спутниктік байланыс бағытын үйлестірді. Сағат 20-30-да екі топ кездесті. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Антикор Алматы облысының судьясы мен МКД-нің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде
Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Риддерде ТЖ режимі жарияланды
Қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 сыну тіркелді. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаңның жарылуы болды", - деді әкім.
Мәселеден шығудың жалғыз жолы-Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу, біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деді әкім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматының әртүрлі аудандарында өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенген сегіз ошағын жойды
Өрт сөндіру бригадасы барған кезде тау бөктерінде жалпы аумағы 2 га жерді қамтыған құрғақ шөптің жануын анықтады. Жел тұрғандықтан, өрттің беткейлердегі тұрғын үйлерге қарай таралу қаупі туындады. Өрт автотехникасы тауға шыға алмағандықтан, қызыл жалынды қарапайым құралмен және аспалы өрт сөндіргішпен ауыздықтауға тура келді. Өрт 18:31-де толық жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрттен үйлер мен алма бағын қорғауға қол жеткізілді", - деп деп мәлім етті департаменттен.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз. Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп еске салды ведомство өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР ІІМ: трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін "арнайы жүк" бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды", - деп хабарлады полиция.
Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді. Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі 72,7 тонна. Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл 8 миллион бір реттік доза", - деп хабарлады ІІМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ресей азаматынан алаяқтық таратуға арналған жабдық тәркіленді
2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөліктік өткізу пунктінде Ресей азаматы тізгіндеген "Ауди" автокөлігін тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық "Sim-box" кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобилді байланыс операторларының sim-карталары табылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматы экология басқармасының лауазымды адамы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
Пара бергені үшін (ҚК 367-бабы) "Экосервис-С" ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен "Компания Стройтекс" ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 млн. астам және 64 млн. теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылды. Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) "Eco Almaty" ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн. теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн. теңгеден астам соманы құрады. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды", - деді Антикордың баспасөз қызметінде.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ)", - деп қосты ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ақмола облысының тұрғынынан қарудың арсеналы табылды
Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Болат Назарбаевқа тиесілі Алматы зауытының акциялары мемлекетке қайтарылады
- Акциялардың мемлекеттік пакетін өткізу тәртібі мен шарттарын белгіледі;
- "Темір Кон" ЖШС сатып алушысының "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ қызметінің бейінін сақтау, 1997 жылғы көлемдермен салыстырғанда өндіріс көлемін сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз ету, қызметті жүзеге асыру кезінде технологиялық және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізу міндеттері;
- Комитеттің сатушы ретінде "Темір Кон" ЖШС сатып алушысының шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін қажетті тексерулермен және құжаттаманы талап етумен орындауына бақылауды жүзеге асыру құқығы бекітілген.
Фирма Баяу" ЖШС-нің 2009 жылғы "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ қызметінің бейінін сақтау және өндіріс көлемін ұлғайту бойынша міндеттемелерін орындамау туралы қорытындысына сәйкес, материалдық-техникалық базаның қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі, өндіріс көлемінің төмендеуі, мүліктік кешен мен жер учаскесін бөлшектеу, үшінші тұлғаларға сату және "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ, ондағы ғимараттар мен құрылыстарды жалға беру көрсетілген", - делінген сот қаулысында.
Болат Назарбаев пен "PLS-TM" ЖШС арасында 2009 жылғы 2 сәуірдегі "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 пайызын құрайтын жай атаулы акцияларын сату туралы жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Болат Назарбаевқа "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 % мөлшеріндегі жай атаулы акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтару міндеттелсін", - деді сот.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
20.03.2023, 09:36Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады 20.03.2023, 10:09 55466Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды20.03.2023, 11:43 54851Шетелдегі сайлау учаскелеріне келу 72,54% құрады - СІМ20.03.2023, 08:23 52836Мәжіліс сайлауы: exit poll нәтижелері жарияланды19.03.2023, 22:31 49871Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына алдын ала қатысуы 54,19% құрады
03.03.2023, 11:22 87826Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды03.03.2023, 10:34 84211Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды02.03.2023, 12:45 84196Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр03.03.2023, 10:04 78856Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті03.03.2023, 08:20 76956ТХКБ шеңберінде қазақстандық учаскесінде транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды