27.04.2023, 09:19 48556

Қазақстанда жыл басынан бері 11 келі героин мен 32 келі апиын тәркіленді

Есірткі трафигінің 24 арнасы жойылды
Қазақстанда жыл басынан бері 11 келі героин мен 32 келі апиын тәркіленді
Сурет: gov.kz
Астана. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткі қауіпіне қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды. Есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді.

Есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды. Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.


Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.

Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.

А.ж. бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 73 кг "мефедрон" және 223 кг "α-PVP" психотроптық заты алынды.

Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды. Аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек", - деп атап өтті ҰҚК.


Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

gov.kz

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды күшейтілген режимде жалғастыруда, деп атап өтті баспасөз қызметі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны