12.04.2023, 19:16 51086

Залал 819 млн теңге: Антикор Алматы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты тергеу жүргізуде

Залал 819 млн теңге: Антикор Алматы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: Images | Depositphotos
Тергеу барысында коммуналдық меншікті өткізу тәртібінің бұзылуы анықталды

Алматы. 12 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.
 
Тергеу барысында коммуналдық меншікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) өткізу тәртібінің бұзылуы анықталып, бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлестес жеке тұлғаларға төмен бағамен сатылғаны анықталды (объектілердің құны бірнеше есе төмендетілген).
 
Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн. теңгені құрады (жылжымайтын мүлік объектілері құнының айырмасы). Тергеу барысында қабылданған шаралармен залал толығымен өтелді.
 
Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынды.
 
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
 
Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Илияс Усеров екі ай мерзімге үйқамаққа алынғаны белгілі болған.Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі ай мерзімге үйқамаққа алынғаны белгілі болған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны