20.03.2023, 11:43 84436

Шетелдегі сайлау учаскелеріне келу 72,54% құрады - СІМ

Дауыс беруге шетелде жүрген 8800 ҚР азаматы қатысты
Шетелдегі сайлау учаскелеріне келу 72,54% құрады - СІМ
Сурет: gov.kz
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға шетелде жүрген сайлаушылардың 72,54% дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады", - деп хабарлайды СІМ.


Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.

19 наурызда Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша exit poll алдын ала нәтижелері жарияланды. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны