25.03.2007, 11:39 3852

Қазақстанның футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын жеңді

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын 2 : 1 ұпаймен тізе бүктірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады. "Бұл Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының УЕФА-ның басқаруымен ресми матчта бірінші рет жеңуі", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпарат көзінің хабарлауынша, сайыстың 48-ші минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қайрат Ишірбеков қарсыластың қақпасына бірінші допты соқса, 61-ші минутта Нұрбол Жамасқалиев санды 2 де 0-ге жеткізді.

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын 2 де бір ұпаймен тізе бүктірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады.

"Бұл Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының УЕФА-ның басқаруымен ресми матчта бірінші рет жеңуі", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, сайыстың 48-ші минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қайрат Ишірбеков қарсыластың қақпасына бірінші допты соқса, 61-ші минутта Нұрбол Жамасқалиев санды 2 де 0-ге жеткізді. Сайыстың 67-ші минутында Сербия құрамасының шабуылшысы Никола Жигич Қазақстан құрамасының қақпасына жауап гол салды.

Ойыннан кейін Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушысы Арно Пайперс футболшылар мен Қазақстанның футбол федерациясының басшылығына ризашылығын білдірді. "Ең алдымен футболшыларға алғыс айтамын, өйткені, бүгінгі жеңіс - бірінші кезекте солардың арқасы. Сондай-ақ, Қазақстанның футбол федерациясы мен оның президенті Рахат Илиевке тікелей ризашылығымды білдіремін. Құраманы жасақтау үшін уақыт керек еді, бізге осындай мұрсат берілді. Өткен жылы футболшылар, жаттықтырушылар штабы мен әкімшілік үлкен іс тындырды. Бүгін біз осы еңбектің жемісін көріп отырмыз",- деді құраманың бас жаттықтырушысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?