19.04.2022, 16:02 13681

ҰҚК: тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

ҰҚК: тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (Мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (Тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
 
Қылмыстық істердің "Құпия" белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК қарсы барлау қызметі ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті Қазақстан Республикасының азаматы А.-ны ұстады
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны