Тоқаев Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың басым бағыттарын атап өтті
Тоқаев Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың басым бағыттарын атап өтті20.03.2023, 09:36 86706
Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
Сурет: Telegram/pressmfakz
Достарға айту
Сайлаушылардың келуі 74% құрады
Астана. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сайлаушылардың келуі 74% құрады", - деп хабарлады ҚР СІМ.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 наурызда Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Қазақстан азаматтары шетелде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Қазақстанның шетелдік мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
Сайлау қорытындысы бойынша exit poll алдын ала нәтижелері жарияланды. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың алдын ала қатысуы 54,19% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2023, 17:51 2516
Абай облысында 11 "жайлы мектеп" салынады
Биыл 5 мектептің құрылысы басталады
Достарға айту
Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін облыс бойынша 2022 жылы 1 700 орындық 4 мектеп салынды. Жеке инвестициялар есебінен Семей қаласында 650 оқушыға арналған 1 мектеп ашылды.
Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектептің құрылысы басталады.
Осы жылы облыс орталығында "KAZ Minerals Management" ЖШС қаражаты есебінен 1 200 орындық мектептің құрылысы басталды.
2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп, жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады. Балаларды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында көпфункционалды Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр", - деді әкім.
Сондай-ақ ол жаңа оқу жылында Шәкәрім университетінде тілдерді тереңдетіп оқытуға бағытталған "Shakarim High School" және Ә.Бөкейхан университетінде "Abay IT-School" мектептері ашылатынын айтты.
Облыстың жоғары оқу орындарына қосымша 500 білім гранты бөлінді", - деді Нұрлан Ұранхаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 16:50 3216
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды.
Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты.
Сонымен қатар Президентке сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 16:41 3616
АҚШ азаматының мүлкі Қазақстанның пайдасына тәркіленді - прокуратура
Күдікті 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен
Достарға айту
Қылмыстық істі тергеу аясында облыстың арнайы прокурорларының өтініші бойынша Ақмола облыстық сотының қаулысымен мемлекет пайдасына АҚШ азаматшасы "Г.Ю.А." мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен "Лексус" маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталды.
Айта кету керек, "Г.Ю.А." клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдіктенеді, сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды.
Кейіннен ол осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 млн теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатуға тырысқан.
Г.Ю.А." 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен.
Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Ақмола облыстық сотының 02.06.2023 жылғы қаулысымен (заңды күшіне енді) мемлекет пайдасына жоғарыда аталған мүлік тәркіленді.
Өз кезегінде, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотта. Олар күзетпен ұсталуда.
Ақмола облысының арнайы прокурорлары республика бойынша алғаш рет халықаралық іздеуде жүрген адамның мүлкін үкім шығарғанға дейін сотқа дейінгі тәркілеу тетігін қолданғандығын атап өткен жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 15:34 4811
Білім басқармаларына кешенді мониторинг жүргізу жоспарлануда
Қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін жетілдіру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беріледі
Достарға айту
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 5 маусым мен 5 шілде аралығында барлық облыстардың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мақсат - білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды анықтау және үздік өңірлік тәжірибені айқындау.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың айтуынша, мониторинг тек білім басқармаларына ғана қатысты. Зерделеу тобы балабақша, мектеп, колледж және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.
Білім басқармаларына мониторинг жүргізуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының директорлары тартылмайды. Барлық білім беру ұйымдарында жазғы демалыс басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сай демалысқа шыға алады. Қорытынды емтихандардан кейін мұғалімдердің еңбек демалысына ештеңе кедергі болмауы керек. Білім басқармаларының қызметін зерделеу үшін барлық бағыттар бойынша арнайы критерийлер әзірленді", - дейді Ернұр Дауенов.
Айта кетейік, мониторинг барысында Министрлік комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өңірлерге әдістемелік көмек көрсетеді. Қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін жетілдіру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 15:20 4931
Жетісу өңірінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері 16 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған
Тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды
Достарға айту
Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы "Өркен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жж. Жұмысқа қабылданып, шын мәнінде еңбек қызметін нақты жүзеге асырмаған алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 15:03 5186
Алматыда полицей басынан оқ тиіп қайтыс болды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болды", деп хабарлайды Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 12:54 6276
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді
Форумда қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды
Достарға айту
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы аптаға арналған жұмыс жоспары туралы хабарлады.
8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 12:45 6556
Қазақстанда үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік өз кезегінде әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр - 36,6 мың пәтер салынды.
Сонымен қатар бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
05.06.2023, 08:13 05.06.2023, 12:45 6036Қазақстанда үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар05.06.2023, 12:54 5756Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді05.06.2023, 12:37 5156Президент Ту көтеру рәсіміне қатысты05.06.2023, 15:03 4666Алматыда полицей басынан оқ тиіп қайтыс болды
02.06.2023, 10:17 32361Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді02.06.2023, 16:29 32176Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды02.06.2023, 16:08 316912023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді02.06.2023, 15:52 31656Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды02.06.2023, 16:20 3161620 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
25.05.2023, 17:37 54681ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54126Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды08.05.2023, 22:00 52671"Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсімі25.05.2023, 17:25 48786Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47166Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды