16.09.2022, 16:13 86811

Бірлескен алдын алу жұмысының нәтижелері Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды

Бірлескен алдын алу жұмысының нәтижелері Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды
Фото: akmola.atameken.kz
КӨКШЕТАУ. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен бақылау-қадағалау органдарымен кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өңірлік палатаның бірлескен алдын алу жұмысының нәтижелері және бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Іс-шараның тең ұйымдастырушысы аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет болды.
 
Кездесу бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және өңірде тартымды бизнес-климатты қалыптастыру шеңберінде ұйымдастырылды.
 

Мұндай диалог алаңдарын біз реттеушілік саясаттың көлемін қысқартуға (әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік органдар тарапынан сот дауларына заңсыз тартуды азайту және т.б.) бағытталған бірлескен жоспарлар, ұсыныстар әзірлеу үшін ұйымдастырудамыз. Өйткені, бұл саладағы проблемалардың қазіргі спектрі өңірдің, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне және инвестициялық климатына айтарлықтай әсер етеді", - деп атап өтті Өңірлік палатаның директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 
Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айдос Жақиялин Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік картасы шеңберінде олар түрлі ведомстволармен, оның ішінде "Атамекен" ӨКП, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, бюрократиялық рәсімдерді, заңнамалық қайшылықтарды, шенеуніктер тарапынан басқа да ықпал ету факторларын қысқарту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.
 

Біз бүгін пәрменді алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, олар неғұрлым проблемалы салалардағы ауыр нүктелерді анықтауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Айдос Жақиялин.

 
Жыл басынан департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау және 11 мониторинг жүргізілді. Жүргізілген талдаулар мен мониторингтердің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, заңнамадағы олқылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды жою бойынша 62 ұсыным енгізілді.
 
Жарыссөз барысында "Kokshe" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ және Көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауларының қорытындылары қаралды, бұл туралы аумақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Әкімбеков хабарлады.
 
Баспасөз қызметінде атап өткендей, палата сарапшылары қызмет барысында бизнес пен квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында негізгі қызмет, жалға алу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жасалған түрлі шарттарға тап болады.
 

Шарттарды зерделеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан олардың талаптарының елеулі теңсіздігі анықталды, олар, өз кезегінде, кәсіпкерлерді тең емес жағдайға қояды. Осылайша, квазимемлекеттік сектор субъектілері, оның ішінде мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген субъектілері, өз лауазымдарын асыра пайдаланып, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіреді", - деп есептейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

 
Кездесу нәтижесінде тараптар азаматтық-құқықтық қатынастарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шарттық жағдайларда жоғарыда аталған тармақтарды қарастыруды ұсыну туралы шешім қабылдады.
 
Өңірлік квазимемлекеттік сектордың тиісті қызметтері бизнес субъектілері арасында жасалған шарттарға нашар жағдайларды жою тұрғысынан талдау, тексеру жүргізеді деп күтілуде.
 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?