27.06.2022, 17:01 19801

Ақмола облысының 130 кәсіпорны елорда нарығына өнім жеткізеді

Ақмола облысының 130 кәсіпорны елорда нарығына өнім жеткізеді
Фото: ОКҚ
КӨКШЕТАУ. 27 МАУСЫМ - Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 20 өңірі кірді. Бұл туралы есеп беру кездесуінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Аумақтық-географиялық орналасуын ескерсек, Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыратын негізгі субъект болып табылады.

Қазіргі уақытта облыстың 130 кәсіпорны ауылшаруашылық өнімдерін жеткізумен айналысады. 
 

Олар өз өнімдерін елорданың Магнум, Астықжан, Смолл сияқты 44 ірі сауда нүктесіне және Еуразия, Әлем, Шапағат базарларына жеткізеді. Сондай-ақ өңірдің ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін сататын "Ақмол" дүкендер желісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері 62 мың тонна сүт өнімдері, 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 105 млн дана жұмыртқа жеткізілді. Жалпы, өңірде орта мерзімді перспективаға 266 млрд теңгеге 48 жаңа инвестициялық жоба қабылданды. Оларды іске қосу өсімдік майы өндірісін 3,5 есеге, көкөністерді жылыжай өндірісін 3 есеге, сүт-тауар фермаларындағы сүтті 1,5 есеге, барлық түрдегі етті 25%-ға, ұн мен жарма өнімдерін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре уылдырығын шығару жолға қойылады", - деді әкім.

 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?