22.06.2022, 16:56 16751
ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісі туралы: күзге қарай айқын болады
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
ҰҚК төрағасының орынбасары Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап беру барысында қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болғанын айтты.
Олар қандай бұйрықтар бергенін айта алмаймын. Қазіргі кезде тергеу барысында осы бұйрықтарға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатыр", - деді Асқар Әмірханов.
Сонымен қатар, тілшілер К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі қашанға дейін ұзартылатынын сұрады.
Бұл іске қатысты күзге қарай айқын болады деп ойлаймын. Іс материалдары құпияланған", - деді ол.
А. Әмірханов аталған істе мемлекеттік құпия мәліметтері бар екенін, соттың ашық немесе жабық тәртіпте өтуін сот органдары шешетінін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусым айының басында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірхановтың сөзіне қарағанда, тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.09.2023, 20:42 4866
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көліктері соғылған. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.
ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.09.2023, 11:54 14626
Тараздағы мектепте шыққан өрттен бас сауғалап, үшінші қабаттан секірген екі қыздың омыртқалары сынған
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған
Достарға айту
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмапты.
Тіпті облыс әкімінің Астанадан арнайы білікті дәрігер шақыртамыз дегені де өтірік болып шықты" дейді жәбірленушілердің жақындары.
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған. Құрылысшылардың сөзінше, еден сырлайтын бояу банкаларының бетін ашқан бетте, қызыл жалын лап ете қалады. Соның салдарынан 7жеті бірдей жұмысшы зардап шеккен. Ал қатты қорыққан 21 және 23 жастағы қыздар терезеден секіріп кетеді.
Үш айдан бері жөндеу жүріп жатқан мектептегі жарылыс түнгі сағат бір шамасында болған. Қызыл жалынның қатты болғаны сонша, физика кабинетіндегі есік-терезенің бәрін қираған.
Сол түні сыныпта болған 10 құрылысшының жетеуі ауруханаға түскен. Жеңіл жарақат алған үш жұмысшы үйіне қайтарылса, күйік шалған екеуі әлі емделіп жатыр. Ал үшінші қабаттан қарғып кеткен қос қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Қабырғалары, омыртқасы, бір аяғы сынған. Қазір оны жылжытып Астанаға салып жіберуге болмайды. Сол жақтың мамандары осында келіп ота жасайды", - Тараз №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 16:58 16886
Атырау облысында жоғалған бала кәріз құдығынан табылды
Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған
Достарға айту
Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 ж.т тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған.
Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.09.2023, 17:57 19371
Ақтөбе облысында болған көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды
Қаза тапқандардың барлығы жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері
Достарға айту
18 қыркүйек сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан.
Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2023, 10:02 21721
БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.
ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2023, 20:43 33716
Атырау облысында достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған азаматтың денесі табылды
Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен
Достарға айту
Атырау облысында достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 ж.т., Ербол Құсайыновтың өлі денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды.
Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2023, 17:45 39816
Атырауда балық аулауға кеткен жігіт іздестірілуде
Атырау тұрғыны 10 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен
Достарға айту
Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйек күні 1987 ж.т., Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған.
Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.
Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2023, 15:49 40541
Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды
Достарға айту
Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Анықталғандай ол бүгін,12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды.
9 жасар қыз ауруханаға ес-түссіз күйде ауыр жағдайда түсіп еді. Қыздың қайтыс болғанын Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. Кішкентай қыз оқыс оқиғадан кейін осы ауруханаға жатқызылған болатын.
Кейіннен денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицина орталығының дәрігерлерін тоқ соққан 9 жастағы қызға көмек беру үшін Қостанайға жіберді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
27.09.2023, 12:32Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды 27.09.2023, 12:46 29751Көлік министр "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті27.09.2023, 16:29 23276Тоқаев Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады27.09.2023, 16:55 22126Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік-логистикалық хаб болуға ниетті27.09.2023, 17:14 21586Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективалары қолға алынбақ
23.09.2023, 19:39 57726Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады26.09.2023, 21:03 52716Елордада балабақшалардағы 10 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды26.09.2023, 21:43 51976Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы22.09.2023, 16:27 51391Үкіметте экспорттық баж салығы, көмір мен газ экспортына қойылатын шектеулерге қатысты мәселелер талқыланды22.09.2023, 17:30 50601Қазақстанда 2024 жылдан бастап балабақшаға балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай кезегі іске қосылады
08.09.2023, 17:29 701915 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді15.09.2023, 18:02 677462023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады15.09.2023, 17:55 65091Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда15.09.2023, 17:48 64861Жемқорлардың тізімі жарияланады15.09.2023, 17:32 64306Ақтаудағы жаңа Оқушылар сарайы ашылды