Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Экономика
- Атырау облысында шұбат өндірісі жаңа сатыға шығарылмақ
Атырау облысында шұбат өндірісі жаңа сатыға шығарылмақ
Қазір Атырау облысының шаруашылықтарында шамамен он мың бас түйе бар. Екі мың бас Қызылқоға ауданында. Мал басы 90-шы жылдары күрт төмен түсіп кеткен. Дегенмен қазір оның қалпына келуі үшін барлық шаралар жасалынуда, деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. - Павлодардың энерготорабы модернизацияланатын болады
Павлодардың энерготорабы модернизацияланатын болады
"Бүгінгі таңда Павлодардың солтүстік өнеркәсіп аймағындағы электр тасымалы желілері қажетті өткізу қабілеті мен Павлодар энерготорабының Қазақстанның біртұтас энергожүйесімен салалас жұмысын қамтамасыз ете алмай отыр. Олардың қазіргі қуаты - 110 киловольтты құрап отыр. Осы себептен желілер жоспарлы немесе апатты үзілген жағдайда тұтынушылардың жарықсыз қалуына алып келуі ықтимал", - деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты. - Батыс Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысшылары үшін баспана салынатын болады
Батыс Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысшылары үшін баспана салынатын болады
Батыс Қазақстан облысының зауыт жұмысшылары еліміздің өнеркәсіп орындарының жұмысшылары үшін тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жасау бастамасын ұсынды. Олар өз ұсыныстарын үдемелі индустрияландыру бағыты бірінші кезекте біліктілігі жоғары мамандарға зәру екендігімен негіздеп отыр. Ал, жақсы мамандарды өндірісте ұстап қалу үшін ең басты - тұрғын үй мәселесін шешіп алу керек, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. - Атырау облысында көкөністер, бақша өнімдері мен картоп егілетін алқап кеңейтілетін болады
Атырау облысында көкөністер, бақша өнімдері мен картоп егілетін алқап кеңейтілетін болады
Атырау облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Өңірде көкөністер, бақша өнімдері мен картоп егілетін ашық топырақтағы алқаптармен қатар жылыжай шаруашылықтарындағы жерлер де кеңейтілмек, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.