Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Ғылым және техника
- "Днепр" зымыраны құлаған жердегі гептил концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
"Днепр" зымыраны құлаған жердегі гептил концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. "Днепр" зымыраны құлаған жердегі улы заттардың концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. "Зымыран құлаған жерде зымыран отыны - гептилдің қатерлі концентрациясы анықталды. Оның мөлшері шектеулі шамадан мың есе артық болып шықты",- деп хабарлайды мекеме. "Днепр" зымыранының құлау зардаптарын жою жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссияларының бірлескен отырысы тамызда өтеді