Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" бағытындағы тасжолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды
Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" бағытындағы тасжолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды
"Ақтөбе облысында күн райының бұзылуына байланысты 26 қаңтар сағ. 21:15-тен бастап "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" (Шалқар қ. 0-ден 257 шақ.дейін) автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды". - Елбасы үкіметке 1-шілдеге дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныс енгізу туралы тапсырма берді
Елбасы үкіметке 1-шілдеге дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныс енгізу туралы тапсырма берді
"Үкіметке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығының сау болуына ниетті жауапкершілігі тетіктерін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныс енгізуі тиіс. Адам бүгінде науқастану тиімсіз екендігін түсінуі қажет", - деді Мемлекет басшысы. - БТА алдағы күндері кредиторлар комитетін қалыптастыруға уәде етті
БТА алдағы күндері кредиторлар комитетін қалыптастыруға уәде етті
"Банкі Лондонда өткізілген бірқатар кездесулерде кредиторлар комитетін құру жөнінде мәселені айтарлықтай дәрежеде алға тарта білді. Банк таяудағы күндері кредиторлар комитетін құрып, оның мүшелерінің аттарын атайтынына үміттенеді", делінген таратылған хабарламада - Көліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру ХҚКО құзырына берілетін болады
Көліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру ХҚКО құзырына берілетін болады
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарамағына автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру мәселелерін жүктеу керек",- деді Елбасы. - Қазақстанда лицензиялар мен рұқсат берудің барлық түрі тағы 30 пайызға қысқарады
Қазақстанда лицензиялар мен рұқсат берудің барлық түрі тағы 30 пайызға қысқарады
Жаңғыртудың басты мәселерінің бірі әкімшілік процедураларды жеңілдету екендігін баса айтқан Елбасы: "Менің тапсырмам бойынша рұқсат беру құжаттарының тізбесі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқарды. Үкіметпен лицензия мен рұқсат берудің барлық түрлерін тағы да үштен бірге төмендететін заң жобасы әзірленді", - деді. - Үкіметке алдағы үш ай ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасау тапсырылды
Үкіметке алдағы үш ай ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасау тапсырылды
"Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім", - деп атап өтті елбасы. - Елбасы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын ауқымды түрде қолға алуды тапсырды
Елбасы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын ауқымды түрде қолға алуды тапсырды
Жаңа мақсаттар экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономикалық табыс пен қоғамдық игілікті қамтасыз ету арасында тиімді балансты табу маңызды екеніне тоқталған Елбасы, "қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңыртудың негізгі мәселесі, бұл Қазақстанның алдағы 10 жылдағы дамуының басты векторы. Осы өзекті тақырыпқа мен Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жаңа Жолдауымды арнаймын",- деп атап өтті ол. - Қазақстанның негізгі шикізат активтері мемлекет меншігіне қайтарылады
Қазақстанның негізгі шикізат активтері мемлекет меншігіне қайтарылады
"Енді акциялар пакетінің бәрі Қазақстанның меншігінде және де біз олармен жұмыс істейміз", - Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимі тоқтатылады
Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимі тоқтатылады
"Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін ұзартпаймыз, мен осындай шешім қабылдадым",- деп мәлім етті елбасы. - Ағымдағы жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы тек электронды түрде берілуі керек
Ағымдағы жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы тек электронды түрде берілуі керек
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталған Мемлекет басшысының пайымынша, бұл мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты халықтың сенімін күшейтудегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы маңызды аспект болып табылады. - Елбасы үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берді
Елбасы үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берді
"Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында зейнетақы жинақтау жүйесін енгізіп, табысқа жеткен тұңғыш мемлекет. Қазір зейнетақы қорлары салымшыларының саны 8 миллионға, салымдар көлемі 17 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, бүгінде салымшылар қорлардың инвестициялық саясатына ықпал ете алады. Сондықтан оған ақша жинау деп қарайды", - деп мәлім етті Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында. - Астана қаласында елбасының қатысуымен парламент палаталарының біріккен отырысы басталды
Астана қаласында елбасының қатысуымен парламент палаталарының біріккен отырысы басталды
Бірлескен отырысқа парламент палаталарының депутаттары, премьер-министр мен президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомство басшылары және мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысуда. - Алматы қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты
Алматы қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты
2012 жылдың 26 қаңтар күні Алматыда Жигулевская көшісінің 7-а мекен-жайында орналасқан жер үйде өрт шыққан. Жалын 2 шаршы метр ауматы шарпыған. Өртті сөндіру кезінде 64 жастағы ер адамның денесі табылған. Тілсіз жауды жергілікті тұрғындар ауыздықтады. - Астанада көмірқышқыл газына уланған бес адам ауруханаға жеткізілді
Астанада көмірқышқыл газына уланған бес адам ауруханаға жеткізілді
2012 жылдың 26-қаңтары күні Астанада қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан Көктал шағын ауданындағы жер үйде 5 адам, атап айтқанда бір жасар бала, 22 жасар жігіт, 45 жастағы әйел мен 21 және 25 жастағы екі бойжеткен көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді. - Астана қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды
Астана қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды
Күннің күрт суытуына байланысты бүгін Астана қаласының мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларының сабақтары өткізілмейді. - Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты аяз сақталады
Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты аяз сақталады
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысында түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, тұман.