Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Премьер-Министр С. Ахметов Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасы желісін дамытуды ұсынды
Премьер-Министр С. Ахметов Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасы желісін дамытуды ұсынды
Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасын салып және ұйымдастыруды дамыту қажет, деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. - АҚШ-тың шығысында торнадо тұрды
АҚШ-тың шығысында торнадо тұрды
Джорджио штатында қатты жел жүк көліктерін де ұшырып әкеткен. Осы штаттағы Эдейрсвиль қалашығында бір адам құрбан болса, екінші адам Тенесси штатында ағаштың астында қалып мерт болды. Дауыл салдарынан Атланта қаласының халықаралық әуежайы уақытша жабылып, кейбір аймақтарда төтенше жағдай жарияланды. - ҚР Білім министрлігі 2020 жылға дейін көп тілді оқытуды дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
ҚР Білім министрлігі 2020 жылға дейін көп тілді оқытуды дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім берудің барлық деңгейінде көп тілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу қажет деп санаймын", - деді Б. Жұмағұлов. - Чилиде 6,7 балдық зілзала тіркелді
Чилиде 6,7 балдық зілзала тіркелді
АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, зілзала кіндігі Вальенар қаласынан солтүстікке қарай 54 шақырымда, 25 шақырым тереңдікте тіркелген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Чили сейсмикалық белсенді ауданда орналасқаны белгілі. 2010 жылдың ақпан айында осы Оңтүстік Америка елінде 8,8 балдық зілзала салдарынан цунами болып, 500-дей адам қаза тапқан еді. - Бүгін елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады
Бүгін елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады
Иңгімелесу барысында еліміз дамуының қоғамдық-саяси аспектілері, атап айтқанда, "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ адам капиталының ұлғаюы, жинақталуы және тиімді пайдаланылуы жөніндегі мәселелер талқыланды. - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда орта мектептерді жан басы бойынша қаржыландыру жүйесі енгізіледі
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда орта мектептерді жан басы бойынша қаржыландыру жүйесі енгізіледі
2014 жылдан бастап Қазақстанның орта мектептеріне жан басы бойынша қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан ведомствоның алқа мәжілісінде. - Алматы маңындағы әуе апатында көз жұмғандардың мәйітін тану жұмыстары аяқталды
Алматы маңындағы әуе апатында көз жұмғандардың мәйітін тану жұмыстары аяқталды
Бұл туралы бейсенбі күні қалалық ТЖ департаментінен хабарлады. - 2013 жылғы басты міндет - үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою
2013 жылғы басты міндет - үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою
Үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою, сондай-ақ, оқыту мекемелерінің материалдық базасын жаңғырту 2013 жылдың басты міндеті болып табылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ведомствоның ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен білім беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның 2012 жылы жүзеге асырылу қорытындылары мен 2013 жылғы міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде. - Сенат Кедендік транзиттің тәртібіне өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады
Сенат Кедендік транзиттің тәртібіне өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады
Бүгін Парламент Сенаты "2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын қабылдады. - Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға енгізілген өзгерістер қабылданды
Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға енгізілген өзгерістер қабылданды
Заң жобасы арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялар салу үшін қосымша ынталандыру жасауға және кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты, заң жобасында жекеменшіктегі жер учаскелері меншік илелерінен жалға алу есебінен жаңа арнайы экономикалық аймақтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарының аумағын кеңейту көзделеді. - 2013 жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен қамтылады
2013 жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен қамтылады
2013 жылдың қорытындысы бойынша 1 мыңнан астам қазақстандық орта мектеп электрондық оқыту жүйесімен (E-learning) қамтылады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. - Оңтүстік Қазақстанда күшті жаңбыр жаууы мүмкін
Оңтүстік Қазақстанда күшті жаңбыр жаууы мүмкін
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысында күшті жаңбыр жауып, соның салдарынан өңірдегі кейбір тау өзендерінде сел жүруі мүмкін.