Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Темірбанк қолма-қол ақша алу үшін комиссияны арзандатады
Темірбанк қолма-қол ақша алу үшін комиссияны арзандатады
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Темiрбанк" АҚ 2013 жылғы 18 наурызда "Альянс Банк" және "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ банкоматтары мен кассаларынан төлем карталарын қолдану арқылы қолма-қол ақша алу үшін комиссияны "TemirCard", "TemirCard Light" және "TemirCard өнімінің аясындағы жалақы жобасы" пакеттері бойынша 0,7 %-дан (ең азы 150 теңге) 0,3 %-ға дейін (ең азы 50 теңге) арзандататынын хабарлады, делінген банктің сайтында. - Астанада жүктілік бойынша демалысқа ақы төлеудің шарттарын өзгерту туралы келісімге қол қойылды
Астанада жүктілік бойынша демалысқа ақы төлеудің шарттарын өзгерту туралы келісімге қол қойылды
Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, 2012-2014 жылдарға Келісім әкімдік, кәсіподақ комитеті мен Астана қаласының жұмыс берушілер бірлестіктері арасында жасалды. - 2013 жылдың 23 ақпанынан бастап "Астана - Бішкек" әуе рейсі ашылды
2013 жылдың 23 ақпанынан бастап "Астана - Бішкек" әуе рейсі ашылды
Аir Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері рейске шығады. Ұшу кестесі: Астана (21:45) - Бішкек (23:35); Бішкек (02:35) - Астана (04:15). Рейстерді сыйымдылығы 114 адамдық Embraer-190 әуе лайнері жүзеге асырады. Билеттің құны екі жақта да 41 мың 681 теңгені (14 мың сом көлемінде) құрайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. - Павлодарда 20 жастағы жұмысшы абайсызда екі аяғынан айырылды
Павлодарда 20 жастағы жұмысшы абайсызда екі аяғынан айырылды
Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Баян Мағзұмоваға сілтеме жасай отырып хабарлай ды. - Прокурор "Бесобаны" қабылдап алған МСҚББ бұрынғы басшысын 6 жылға соттауды сұрады
Прокурор "Бесобаны" қабылдап алған МСҚББ бұрынғы басшысын 6 жылға соттауды сұрады
"Жасалған қылмыстың ауырлығын және келтірілген шығынды есепке ала отырып, А. Воробьевты ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен және 4 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салумен 6 жылға соттауды сұраймын", - деді жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Рауан Тобықов. - Алматыдан Ақтөбеге ұшқан рейс 9 сағатқа кешікті
Алматыдан Ақтөбеге ұшқан рейс 9 сағатқа кешікті
"Алматы-Ақтөбе бағытындағы KC863 рейс Ақтөбе қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 сағат 10 минутқа кешікті", деп хабарлады "Эйр Астана" компаниясы өзінің твиттер-аккаунтында. - ҚР премьер-министрі Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізді
ҚР премьер-министрі Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Елбасының тапсырмасымен жасалған 2020 жылға дейінгі ҚР Туристік саласын дамыту тұжырымдамасын ұсынды. - Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында әуе қатынасы ашылады
Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында әуе қатынасы ашылады
Авиация биліктерінің Душанбеде өткен екіжақты кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі. - Солтүстік Қазақстанда қатты боран соғуда
Солтүстік Қазақстанда қатты боран соғуда
Тұрақты болып тұрған ауа райы, қыстың соңғы күндері кенеттен бұзылды. Қазір аймақта жергілікті және республикалық маңызы бар жолдар жабылып, құтқару шаралары жалғасуда. - "Өнімділік-2020" бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен 100 меморандумға қол қойылды
"Өнімділік-2020" бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен 100 меморандумға қол қойылды
"Өңірлерді аралау барысында ҚИДИ әлеуетті қатысушылармен 100 меморандумға қол қойылды. Қазір инвестициялық жобалардың кешендік жоспарларын қалыптастыру мәселелері қарастырылып жатыр", - деп хабарланған институт мәлімдемесінде. - "ҚазАгро" Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңге инвестициялады
"ҚазАгро" Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңге инвестициялады
"Бүгінгі таңда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңгеден астам қаржы (2001-2013 жылдары) инвестицияланды. 2012 - 2013 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 167 млн теңгеден астам қаржы көлемінде несие берілді", - делінген ақпаратта. - Маңғыстау облысында аяғы ауыр келіншек із-түзсіз жоғалды
Маңғыстау облысында аяғы ауыр келіншек із-түзсіз жоғалды
Маңғыстау облысында 17 жастағы аяғы ауыр келіншек 9 тәуліктен бері табылмай жатыр. 19-шы ақпанда Маңғыстау ауылынан Ақтаудағы туысына қонаққа кеттім деген Мәншүк Оралбаевадан содан бері хабар-ошар жоқ. Жоғалған болашақ ананы тәртіп сақшылары іздестіріп жатқанда, қайғыны көтере алмай оны жұбайы өз-өзіне қол салған. - Қазақстанда жастар волонтерлік корпусы құрылады
Қазақстанда жастар волонтерлік корпусы құрылады
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк Жастар корпусының жаңа жобасын талқылады. Талқылауға Дүниежүзілік банктің ресми өкілдері Кейко Иноуэ мен Маттео Морганди, ҚР Білім және ғылым министрі Мұрат Ибенов, ҚР БҒМ-нің Жастар істері комитетінің басшысы Нұрлан Өтешев қатысты",- деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.