Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Өскеменде неміс компаниясы қоқыс өңдейтін зауыт салады
Өскеменде неміс компаниясы қоқыс өңдейтін зауыт салады
"Өскемен қаласына қоқыс өңдеу зауыты аса қажет. Бұл мәселе облыстық және республикалық деңгейде де бірнеше рет қаралған. Бірақ жобаны іске асыруға бюджетте қаржы болмады. Сондықтан немістің Eggersmann Anlagenbau Kompoferm GmbH компаниясы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуші зауыт салуға қызығушылық танытты",-деді Экологиялық қауіпсіздік орталығы. - Қазақстан Президенті Қытайға ресми сапары кезінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізді
Қазақстан Президенті Қытайға ресми сапары кезінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізді
Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты стратегиялық ынтымақтастық аспектілерін талқылаумен қатар, еліміз үшін қызығушылық тудыратын ең өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның қолдауға ие болғанын мәлімдеді. - Қызылорда облысында 18 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр
Қызылорда облысында 18 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр
Қазіргі уақытта облыс басшылығы апаттық жағдайдағы және үш ауысымда сабақ өткізілетін мектептердің мәселесін шешу жолдарын қарастырып жатыр. Ағымдағы жылы 14 ауыл мен Арал және Қызылорда қалаларындағы мектептердің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін 8230 орындық білім мекемесі іске қосылады. - Елбасы CNPC компаниясының басшысы Чжоу Цзипинмен кездесу өткізді
Елбасы CNPC компаниясының басшысы Чжоу Цзипинмен кездесу өткізді
Кездесуде мұнай-газ саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді. - Қостанайда бала денсаулығына қауіп тудыратын ойыншықтар табылды
Қостанайда бала денсаулығына қауіп тудыратын ойыншықтар табылды
"Біздің мамандар Қостанайдағы сауда үйлерінен 93 өнім түрлерін тексеруге алған. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, 15 ойыншықтың төртеуі талапқа сай болмай шықты. Атап айтқанда, резина доп, "Fashion Tea Set" ыдыстар жиынтығы, "Activity sport" пен "Youhoo" сылдырмақтарының зияны бар екені анықталды. Олардың барлығы Қытайда жасалған. Ойыншықтар сертификатсыз сатылып келген",-деді С.Қаппасов. - Елбасының Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында бірқатар екіжақты келіссөздерге қол қойылды
Елбасының Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында бірқатар екіжақты келіссөздерге қол қойылды
"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеті арасында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесін құру туралы келісімге, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен CITIC Group арасында ынтымақтастық туралы келісім мен Экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды нығайту жол картасына қол қойылды.