Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- ҚР-да экономикалық белсенді халық үлесі 76 мың адамға артты
ҚР-да экономикалық белсенді халық үлесі 76 мың адамға артты
"Республика экономикасында 2013 жылғы наурызда 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 76,3 мың адамға немесе 0,9%-ға көбейді", - делінген агенттік мәлімдемесінде. - Алматыда өрт салдарынан 63 жастағы әйелдің беті күйіп қалды
Алматыда өрт салдарынан 63 жастағы әйелдің беті күйіп қалды
Алматы қаласының ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 13:17-де бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің басқару пультіне Түрксіб ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалған адам Осипенко көшесіндегі жеке тұрғын үй жанып жатқанын айтты. Өрт салдарынан 63 жастағы әйел зардап шекті. Оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер беттің 1 және 2 дәрежелі күйік шалуын белгіледі. - Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады
Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады
"Білім министрлігі өз тарапынан бұл студенттерге басқа университеттерге төлем және оқу бағдарламасын игеру айырмашылығынсыз ауысуға барынша жәрдем көрсетеді", - деді С.Ерсалиев. - Беларусь министрі Қарағанды облысында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
Беларусь министрі Қарағанды облысында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
"Өнеркәсіп министрі Қарағанды облысында ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын салуды ұсынды. Оның айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру үшін беларусь жағы қаржыландыру мәселесін жартылай өз мойнына алуға дайын. Ал, зауытты Беларусьтың Станок жасау холдингі мен инжиниринг орталықтарымен бірлесіп салуға болады", - делінген хабарламада. - Шетелдік ЖОО-ның студенттерін ауыстыру тек ҰБТ немесе ТКТ тапсыру арқылы ғана мүмкін болады
Шетелдік ЖОО-ның студенттерін ауыстыру тек ҰБТ немесе ТКТ тапсыру арқылы ғана мүмкін болады
"БҒМ сәйкес құжатты дайындап қойды, онда осы жылдан бастап басқа мемлекеттің жоғарғы оқу орнынан ауысып, қазақстандық ЖОО-на түсу үшін сәйкес балмен не ұлттық тестілеу, не кешендік тестілеу сертификаты талап етіледі", - деп хабарлады С.Ерсалиев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында. - Алматы облысында 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті
Алматы облысында 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті
Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға Сарқан ауданында орын алған. Лепсі ауылының тұрғыны 2004 жылы туған қызын зорлап кеткені туралы полицейлерге шағым түсірген. - 2013 жылдың маусым айына Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы белгіленген
2013 жылдың маусым айына Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы белгіленген
"Осы жылдың маусым айында Қазақстан мен Қырғызстан арасында үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, оған біздің Премьер-Министр қатысады. Оған дейін біздің екіжақты комиссияның отырысы өтеді", - деді Е.Ыдрысов. - СҚО-да ауа температурасы күрт төмендейді
СҚО-да ауа температурасы күрт төмендейді
"Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметіне қарағанда, 14-18 сәуірде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. - 23 сәуірден бастап Астана-Бішкек қатынасындағы жаңа авиарейс іске қосылады
23 сәуірден бастап Астана-Бішкек қатынасындағы жаңа авиарейс іске қосылады
"23 күні Астана-Бішкек алғашқы авиарейсі өтеді, оны аптасына 4 рет жиілікпен "Эйр Астана" орындайды. Бұл да жетістік, ол қарым-қатынасымыздың дамуына ықпал етеді", - деді Ерлан Ибділдаев. - Қазақстанда сәуір айына шаққанда орташа айлық еңбекақы бір жыл ішінде 8,2%-ға артты
Қазақстанда сәуір айына шаққанда орташа айлық еңбекақы бір жыл ішінде 8,2%-ға артты
Салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді игеруде - 221,16 тыс. теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе артық), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 205,902 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 188,41 мың теңге (1,7 есе). - Төмен тарифтер су-энергетикалық секторға жаңа технологияларды енгізуді тежейді
Төмен тарифтер су-энергетикалық секторға жаңа технологияларды енгізуді тежейді
"Біз энергетиканы да, су секторын да, коммуналдық-тұрмыстық секторды да өте көп субсидиялаймыз... Бірақ, тарифтер төмен және олар бұл жүйелерді жетілдіруге, жаңасын салуға мүмкіндік бермейді, сондықтан бәріміз экологиялық нашар ескі технологияларда отырмыз", - деп түйіндеді Н.Қаппаров. - Қазақстанда наурыз айында жұмыссыздық 5,3%-ға дейін төмендеді
Қазақстанда наурыз айында жұмыссыздық 5,3%-ға дейін төмендеді
2013 жылғы наурыздың соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекпен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 56,1 мың адам ресми тіркелген. - 2050 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 3 есе артуы мүмкін
2050 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 3 есе артуы мүмкін
"Қазақстандағы су тапшылығы артады. Қазірдің өзінде трансшекаралық суларға тәуелдіміз. Бүгінгі таңда су ресурстарымыздың жартысы көршілес мемлекеттерден келеді... Тиісті шаралар қолданбасақ, осы жағымсыз сценарий өрбитін болса, еліміздегі су ресурстарына сұраныс ұсыныстан 3 есеге артады", - деді Н.Қаппаров. - Ақмола облысында отыз шақты саяжай үйді су басты
Ақмола облысында отыз шақты саяжай үйді су басты
Чаглинка өзені сағасына жақын орналасқан саяжайларды су басуына кеше таңертеңнен бастап Чаглинка су қоймасының арнасынан аққан суы себеп болған. - Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы озық технологиялармен алмасатын өңірлік орталыққа айналуы тиіс
Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы озық технологиялармен алмасатын өңірлік орталыққа айналуы тиіс
"Астана Еуропа мен Азия арасындағы технологиялық, мәдени және ғылыми алмасудың өңірлік орталығы ретінде қарастырылғанын қалаймыз", - деді Н.Қаппаров. - Петропавлда қоқыстан адамның оң жақ табаны табылды
Петропавлда қоқыстан адамның оң жақ табаны табылды
СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласында, 11 сәуір таңғы сағат он шамасында № 5 орта мектептің аумағында қоқыс контейнерлеріне жақын жерде белгісіз адамның оң аяғының табаны табылды. Адам аяғы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазірде қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.