Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Өкімдерімен К.И. Мирзоев және А.И. Барон Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. - Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болды
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болды
"25 сәуір күні Осакаровск ауданы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде "Қарағанды-Павлодар" тас жолында "МAN" жүк көлігінің жүргізушісі 27 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қарсы бетке шығып кетіп, 23 жастағы Екібастұз тұрғыны басқарған "ГАЗ 33021212" машинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қос темір тұлпар да отқа оранды. "ГАЗ 33021212" көлігінен 50 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты", деп жазылған хабарламада. - Астанада ХІ Еуразия медиа форумы өтті
Астанада ХІ Еуразия медиа форумы өтті
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Еуразия медиа форумының кезекті ХІ конференциясы өтті. Форум еуразиялық БАҚ-тың кәсіби дамуын жылжытуға және Еуразиялық өңір дамуының ерекшеліктері туралы ақпаратты таратуға арналған. - Серік Ибденовке бүгін Алматыда сөз сөйлеген кезінде жұмыртқа лақтырылды
Серік Ибденовке бүгін Алматыда сөз сөйлеген кезінде жұмыртқа лақтырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденовке бүгін Алматыда сөз сөйлеген кезінде жұмыртқа лақтырылды. - Риддер тұрғынынан 1862 жылы жасалған қару тәркіленді
Риддер тұрғынынан 1862 жылы жасалған қару тәркіленді
Таяуда қару айналымын лизензиялау және бақылау тобының қызметкерлеріне риддерлік тұрғынның бірі екіншісіне құны 200 мың теңге тұратын мылтықты сатып алуды ұсынғаны туралы ақпар түскен. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде тексеруді ұйғарды. Бастапқыда ер адам өзінде қару бар екенін мойындаған жоқ, кейін тінту жасауға келісімін берді. Нәтижесінде қару табылып, сол жерде хаттама толтырылған. - Отандық көлік Кедендік одақтың шекарасынан тыс нарыққа экспортталады
Отандық көлік Кедендік одақтың шекарасынан тыс нарыққа экспортталады
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жақын арада елімізде құрастырылған автокөлік экспорты Кедендік одақтың шекерасынан тыс нарыққа шығарыла бастайды. Бұл туралы Алматыда Ресейдегі "Hyndai" коммерциялық техникалардың ресми дистрибьюторы "Hyndai Truck Siberia" ЖШБ мен Қазақстанның "Астана Моторс" компаниясы арасындағы келісім шартқа қол қойылу кезінде белгілі болды. - Молодежный көмір кенішінің өндірістік қуаттылығы жылына 7 млн. тоннаға артты
Молодежный көмір кенішінің өндірістік қуаттылығы жылына 7 млн. тоннаға артты
Қарағанды өңіріндегі ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын - Молодежный көмір кенішінің ұжымы 30-жылдығын тойлауда. Кен орны 1983 жылы игеріле бастаған және содан бері мұнда 156,5 млн. тонна көмір өндіріліп шығарылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. - Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, кей жерлерде қалың жауын жауады, жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түсіп, бұршақ жауады. - Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған ХІ Еуразия медиа форумының отырысында. - Борис Ельциннің қызы Австрия азаматтығын алды
Борис Ельциннің қызы Австрия азаматтығын алды
Юмашеваның жұбайы Валентин Венадан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Винден-ам-Зе жерін негізгі тұрғылықты мекен-жайы ретінде алғандығын 2007 жылы жариялаған еді. 2008 жылдан бері Юмашевтің жары мен қызы да оыс қалашықта тіркелді. - Ресейде психиатриялық аурухана өртеніп, біраз науқастар қаза тапты
Ресейде психиатриялық аурухана өртеніп, біраз науқастар қаза тапты
Дмитровский ауданындағы ауруханада өрт шықты деген хабар құтқарушыларға жергілікті сағат 2.23-те келіп түскен. - Кедендік одақ елдеріне шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 30-40%-ға артты
Кедендік одақ елдеріне шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 30-40%-ға артты
Кедендік Одақты (КО) құрған сәттен бастап үшінші елдерден тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 30-40%-ға артқан, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған ХІ Еуразия медиа форумның отырысында.